«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.10.2024

Қарбалас тудырған қар

Қызылжарда кенеттен жауған қар жұртшылықты әбігерге салып, қиындықтар ту­дырды. Жұрт таңертең ұйқыдан ояна сала жылы киімдерін іздеп, табиғаттың тосын мінезіне таң­да­нысып жатты. Бұл күні такси қызметінің құны да аспандап шыға келді. Циклонның әсерінен өңірде қатты жел тұрып, кей аудандар­да жаңбыр жауып, оның арты көктайғаққа ұласты. Көлік дөңге­легін ауыстыратын орындарда ке­­зек пайда болып, автобус қыз­ме­тін пайдаланғандар …

Қарбалас тудырған қар Read More »

Ескі атауларды қайтару – тарихи әділдік

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері солақай саясаттың сал­дары­нан бұрмаланған жер-су атаулары аз да болсын қайтарылуда. Бұрын­дары халықтың пікірі ескеріл­мей, көптеген атаулар өзгертіл­гені белгілі. Қазір бұл атауларды жаңарту қажет. Топонимдер, гид­ронимдер, ойконимдер – бәрі де өз елінің тарихына, тілінің бай­лығына тікелей қатысты болуы тиіс. Сондықтан бұрынғы тарихи атауларды мұражай архивте­рін­ен зерттеп, сол жердің тари­хы­­на сәйкес қайтадан қою …

Ескі атауларды қайтару – тарихи әділдік Read More »

ТАТАМИДЕГІ ТАРТЫС

Әбу-Дабиде дзюдодан “Grand Slam” сериясының кезекті турнирі өтіп жатыр. Биылғы додада ұлттық құрама сапында солтүстікқазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова өнер көрсетті. Көп жылғы үзілістен соң бұрымды спортшымыз халықаралық жарыста сәтті өнер көрсетіп, татамиде 78 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Назгүл ширек финалда отандасымыз Карина Такиеваны жеңіп, бәсекенің келесі сатысына өтті. Ақтық сынның жолдамасы үшін белдесуде жерлесіміз …

ТАТАМИДЕГІ ТАРТЫС Read More »

КҮМІСПЕН КҮПТЕЛДІ

Хорватияның Порек қаласында ардагер-спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Әлем біріншілігінде солтүстікқазақстандық балуан Жоламан Дәуренбеков грек-рим күресінен ел намысын абыроймен қорғады. Жерлесіміз ақтық сында Финляндия мемлекетінің өкілі, бұл доданың жеті дүркін чемпионына 8:5 есебімен жол берді. Нәтижесінде солтүстікқазақстандыққа күміс медаль бұйырды. Аманжол НҰРТАЗИН, “Soltüstık Qazaqstan”.

Жаңа маусым — жаңа леп

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның 60-шы концерттік маусымы басталды. Жаңа маусымға арналған мерекелік бағдарлама қызылжарлық көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көрермендермен сағыныса қауышқан филармония ұжымы жаңа маусымға ерекше дайындықпен кіріскенін байқауға болады. Адамның жансарайы сазды әуенмен, әсем әнмен, мінсіз би қимылымен жадырап, рухани шабыт алатыны баршамызға белгілі. Концертте көпшіліктің көзайымына айналған шығармашылық құрам өз өнерлерін ортаға …

Жаңа маусым — жаңа леп Read More »

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚОЛДАУ

Елімізде азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы бекітілгені белгілі. Оның алғашқы кезеңі 2020-2025 жылдар аралығын қамтиды. Ендеше осы күнге дейін атқарылған жұмыстың қорытындысын шығаруға болады. Осыған байланысты өңірге Қазақстандық қоғамдық даму институты қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының өкілдері келіп, жергілікті белсенділермен кездесті, тындырылған істерді баяндады. – Азаматтық қоғамды дамыту бойынша заңнамалық база құрылды. Үкіметтік емес сектордың мүмкіндіктері кеңейтілді. …

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚОЛДАУ Read More »

УАҚЫТПЕН ҮНДЕС САЛЫҚ САЯСАТЫ

Бүгінде еліміздің экономика­сын қарқынды дамыту үшін тек мемлекет қаржысына иек арту жеткіліксіз. Бұл туралы Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қо­ғамдық оптимизм” атты Жол­дауында нақты айтып, жаңа Са­лық кодексінің қазіргі жүйені жаң­ғыр­туға бағдарланған басым ба­ғыт­тарын белгіледі. Президент өз сө­зінде салықтық әкімшілен­діру ісі­нің салық төлеушілерге де­ген се­німге негізделген мүлде жаңа жүйесін …

УАҚЫТПЕН ҮНДЕС САЛЫҚ САЯСАТЫ Read More »

ОРМАН ӨРТТЕН ҚОРҒАЛМАҒАН

Облыстық маманданды­рыл­ған та­биғатты қорғау проку­рату­расы орман­дарды өрттен қорғау бойынша бірқа­тар шара­ларды қолға алды. Жүргізіл­ген талдау нәтижесінде орман заң­на­масын бұзу фактілері анық­талды. Оның ішінде орман өрт сөндіру стан­саларының Ауыл­ шаруа­шы­­лығы ми­нистрлігінің бұй­рығы та­лаптарына сәй­кес кел­меуі. Со­ны­мен қатар өрт сөн­діру стан­са­ларының мате­риалдық-тех­ни­калық базасы на­шар, өртсөнді­ру­шілерге арнал­ған үй-жайлар мен жабдықтар, қа­жетті техника мен ма­мандар тап­шы. Барлық орман меке­ме­ле­рінд­е …

ОРМАН ӨРТТЕН ҚОРҒАЛМАҒАН Read More »

Жазушылар одағының жаңа жобасы жас қаламгерлерді қанаттандыра түсті

Әдебиет пен мәдениеттің қайнаған ортасы саналатын ару шаһар Алматыда орналасқан Қазақстан Жазушылар одағы соңғы жылдары жас қаламгерлерді қолдауға қатысты ірі-ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – “Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі” жобасы. 17 облыс пен 3 қаладан арнайы қатысқан жас қаламгерлерге халықаралық беделді әдеби сыйлық иегерлері, Қазақстанның халық жазушылары, танымал ақындар, әдебиеттанушы ғалымдар дәріс оқыды. …

Жазушылар одағының жаңа жобасы жас қаламгерлерді қанаттандыра түсті Read More »

Мемлекеттік мүлікті түгендеу

Кез келген ұйым үшін мем­лекеттік мүлікті түгендеу қар­жы­лық және есептік бақылаудың ма­ңызды тетігі болып табылады, яғни мемлекеттік мүлікті басқа­руда, оның сақталуын және пай­далану тиімділігін қамтамасыз ету шешуші рөл атқарады. Осы себепті қолданыстағы заңнама мен нормативтік актілерге сүйе­не отырып, мемлекеттік ме­кемелерде түгендеу жүргізудің негізгі принциптерін, мақсаттары мен тәртібін қатаң сақтаудың ма­ңызы зор. Елімізде мемлекеттік орган­дарда түгендеу …

Мемлекеттік мүлікті түгендеу Read More »

Балалар әдебиетінің сардары

Биыл қайталанбас талант, қалам қуатымен қазақтың балалар әдебиетіне тыңнан түрен салып, сан бояулы көркемсөзбен сәндендірген классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілмек. Бердібек Ыдырысұлы Соқ­пақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы об­лысы, Нарынқол ау­даны, Қос­төбе ауылында дү­ниеге келген. Орта мектепті де сол ауылда бітірді. Бала Бер­дібек 8 жасын­да анасынан айырылып, жетім­діктің зарда­бын …

Балалар әдебиетінің сардары Read More »