Елімізде азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы бекітілгені белгілі. Оның алғашқы кезеңі 2020-2025 жылдар аралығын қамтиды. Ендеше осы күнге дейін атқарылған жұмыстың қорытындысын шығаруға болады. Осыған байланысты өңірге Қазақстандық қоғамдық даму институты қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының өкілдері келіп, жергілікті белсенділермен кездесті, тындырылған істерді баяндады.
– Азаматтық қоғамды дамыту бойынша заңнамалық база құрылды. Үкіметтік емес сектордың мүмкіндіктері кеңейтілді. Тұжырымдаманың алғашқы кезеңі кемкетікті көрсетті, – деді Қазақстандық қоғамдық даму институты қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым.
Елордалық мамандар тұжырымдаманың олқы тұстарын да атап өтті. Яғни тұжырымдама аясын кеңейту қажет. Бүгінде ол тек үкіметтік емес ұйымдармен ғана шектелген. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру мәселесі де шешімін таппаған.
Ермек ЖҰМА,
“Soltüstık Qazaqstan”.