«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа маусым — жаңа леп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның 60-шы концерттік маусымы басталды. Жаңа маусымға арналған мерекелік бағдарлама қызылжарлық көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Көрермендермен сағыныса қауышқан филармония ұжымы жаңа маусымға ерекше дайындықпен кіріскенін байқауға болады. Адамның жансарайы сазды әуенмен, әсем әнмен, мінсіз би қимылымен жадырап, рухани шабыт алатыны баршамызға белгілі. Концертте көпшіліктің көзайымына айналған шығармашылық құрам өз өнерлерін ортаға салды. Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Әлқисса” фольклорлық, “Қызылжар” халықтық музыка, “Туған жер” би ансамбльдері мен “МIAMI” тобы, жеке орындаушылардан Ғалымжан Нұрпейісов, Еркебұлан Қарыпов сынды өнерпаздар Қызылжардың аспанын күмбірлі күй мен сазды әуенге бөледі. Сондай-ақ “Әдемі-ау”, “Мәңгілік” би ансамбльдері мен Михаил мен Ольга Лахтиндердің би студиясы өнерпаздарының орындауындағы “Арташат”, “Нәзіктік”, “Боз жорға” билерін көпшілік ыстық ықыласпен тамашалады. Өнер десе ішер асын жерге қоятын көрермен камералық хордың, Мәдениет саласының үздіктері Мұхит Ахметов, Динара Таушева мен “Кербез” триосы, Руслан Мұстафин, Нариман Жолдасбеков, Махамбетәли Әбілда, Марат Гайнуллин және тағы басқаларының өнерін тамашалауға мүмкіндік алды. Концерт соңында филармония ұжымына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің атынан ықылас гүлі тарту етілді.

Жаңа маусымда кішкентай көрермендер де назардан тыс қалмады. Балаларға “Алдар көсе” музыкалық қойылымы қуаныш сыйлағанын айтып өту қажет.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp