«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОРМАН ӨРТТЕН ҚОРҒАЛМАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық маманданды­рыл­ған та­биғатты қорғау проку­рату­расы орман­дарды өрттен қорғау бойынша бірқа­тар шара­ларды қолға алды. Жүргізіл­ген талдау нәтижесінде орман заң­на­масын бұзу фактілері анық­талды. Оның ішінде орман өрт сөндіру стан­саларының Ауыл­ шаруа­шы­­лығы ми­нистрлігінің бұй­рығы та­лаптарына сәй­кес кел­меуі. Со­ны­мен қатар өрт сөн­діру стан­са­ларының мате­риалдық-тех­ни­калық базасы на­шар, өртсөнді­ру­шілерге арнал­ған үй-жайлар мен жабдықтар, қа­жетті техника мен ма­мандар тап­шы.

Барлық орман меке­ме­ле­рінд­е өрт­терді ерте анықтайтын автоматты жүйелердің (FireWatch), арнайы же­дел әре­кет ету авиациясының жоқты­ғы және жетуі қиын жерлерде тік­ұшақ алаңдарын орнату ұсы­ныстары еске­русіз қалған. Сон­дай-ақ су алуға ар­нал­ған өрт гид­ранттары мен су қой­маларының жағдайы талапқа сай емес, ми­нералданған қорғаныш жо­лақ­­тарын орнату және халыққа эва­куа­циялау жоспарларын түсін­діру бойынша жұмыстың жеткі­ліксіздігі анық­талған.

Прокуратураның ұсыныс­та­рына сәйкес, облыстық бюджет­тен арнайы өрт техникасы мен жабдықтарын са­тып алуға 296,6 млн. теңге, 7 орман ша­руашы­лығы бойынша өртті ерте анық­тайтын құрылғыларды алуға 45 млн. теңге бөлініп отыр. 12 лауа­зым­ды тұл­ға тәртіптік жауап­кер­шілікке тар­тыл­ған, оның ішінде үш аудан әкімі бар.

Сонымен бірге, “Өнеркәсіпті да­мы­ту қоры” АҚ арқылы 3,3 млрд. тең­геге өртке қарсы тех­ни­каны лизинг ар­қылы сатып алу мәселесі шешілуде. Бұл ор­ман мекемелерін өртке қарсы техникалармен 100 пайыз қам­тама­сыз етуге мүмкіндік береді.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp