«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УАҚЫТПЕН ҮНДЕС САЛЫҚ САЯСАТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бүгінде еліміздің экономика­сын қарқынды дамыту үшін тек мемлекет қаржысына иек арту жеткіліксіз. Бұл туралы Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қо­ғамдық оптимизм” атты Жол­дауында нақты айтып, жаңа Са­лық кодексінің қазіргі жүйені жаң­ғыр­туға бағдарланған басым ба­ғыт­тарын белгіледі. Президент өз сө­зінде салықтық әкімшілен­діру ісі­нің салық төлеушілерге де­ген се­німге негізделген мүлде жаңа жүйесін қалыптастыру, ко­декстің ережелерін әркім әрқа­лай қа­былдамауы үшін оны же­ңілдетіп, экономикалық тұрғы­дан белсен­ді азаматтың бәріне бірдей түсі­нікті етудің маңыз­ды­лығына тоқ­талды. “Салық жеңіл­діктерінің тиімділігін арттыру өзекті мәсе­ле­ге айналды. Кәсіп­керлер өзде­рі пайдаланатын са­лық жеңіл­дік­тері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді ғана қал­дырған абзал. Мысалы, өндірісті өркендетеміз деген ин­вестор­ларға артықшылық беру­ге бола­ды. Яғни, құрылыс салу­ға, актив­терді сатып алуға, жаң­ғыртуға және қайта құруға бір рет­тік са­лық жеңілдігін берген жөн. Терең өңделген өнімді экспортқа шыға­ратын кәсіпкерлерге жеңіл­дік беру маңызды. Олар өзге биз­нес­ке қарағанда көбірек қолдау­ға ие болуы керек”,– деп атап көр­сетті. Салық саясаты тұрақты болса, бизнес өкілдерінің талап­қа сай дамуға барынша ынта­лы­лық танытып, жауапкершілікпен жұмыс істейтінін өркениетті мем­лекеттердің тәжірибесі айқын бай­қатып отыр. Десек те, салық ре­жімдерін шағын және орта бизнес субъектілеріне жасалған қо­лайлы жағдайдың нашарлап кетпеуіне ыңғайлап оңтайланды­рудың мәні айрықша. Оған бөл­шек салықтың енгізілуі мысал ретінде келтірілді. Осы нормаға орай кәсіпкерлер қызметін ашық жүргізуге көше бастады, кәсіп­те­рін бөлшектеуді азайтты. Тұты­нушыларға арналған қызметтер мен сауда-саттықтың мүмкіндік­те­рін толық пайдалана отырып, өңір экономикасын өркендету­дің, салық түсімдерін арттыру­дың оң үрдістері жергілікті жер­лерде аз емес.

Мемлекет басшысы эконо­миканың түрлі секторындағы са­лық мөлшерлемесін саралауға қатысты Үкімет пен Парламентке бір­қатар тапсырмалар берді. Бұл шара салық жүктемесін өнді­ріс­тің күрделілігіне қарай бөлуді қамтамасыз етеді. Шыны керек, кәсіпкерлер қосымша құн салы­ғын қайтару рәсімінің күрделі еке­ніне жиі шағымданып, орынды мә­селе ретінде көтеріп жүр. Бұл жайт еліміздегі инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізері анық. Егер салық жеңілдіктерін беру тәр­тібі бір ізге түсіп, реттелсе, экономикалық ынталандыру ша­ралары өз нәтижесін молынан берер еді. Оның көлемін кем де­генде 20 пайызға қысқартып, қал­ған жеңілдіктерді жекелеген жо­ба­лар ­мен тұлғаларға байлан­бай, нақты ереже негізінде қа­лып­тас­тыру міндеті тұр. Салық­тық әкім­шілендіру мәселесіне қа­тысты түйткілдер де бар. Фис­кал­ды ор­гандар мен салық тө­леушілердің қарым-қатынасын қызмет көрсе­ту үлгісіне көшіру – басты мақ­сат­тардың бірі. Үкімет­тің тапсыр­масымен Қаржы ми­нистрлігінің Мә­жіліске енгізген жаңа Салық жо­басы 822 баптан тұрады. Оның аясында жекеле­ген сала­лардағы салық төлеуші­лер үшін корпоративті және жеке табыс са­лығының мөлшерлеме­сін сара­лау, банк секторы акцио­нерле­рінің дивиденттеріне әді­летті қо­сымша салық салу, қайта өңдеу­ді дамыту үшін салық ше­ге­рім­дерін кеңейту және жаңғыр­ту үшін табысты қайта инвести­ция­лауды ынталандыру, салық­тар мен бюджетке төленетін бас­қа да міндетті төлемдердің са­нын қысқарту, барлық арнаулы салық режімдерін оңтайлан­дыру, са­лық жеңілдіктерін беру мен мо­ни­торингтік талдау тәсіл­де­рін қай­та қарау, сондай-ақ салық са­ласында әкімшіленді­руді жетіл­діруге ықпал ететін іс-шараларды енгізу сияқты ұсы­ныс­тар қам­тылған. Құжаттың жо­басы Ұлт­тық экономика ми­нистр­лігі тара­пынан “Ашық НҚА” порталына ор­наластырылып, көп­теген толық­ты­рулар мен ұсы­ныстар енгізіл­ді. Осы себепті 2025 жылдың 1 қаң­тарынан өз күшіне енуі тиіс мерзім кейінге шегерілді. Прези­денттің ұсыны­сы­мен асығыс­тық­қа жол бермей, қиын болса да дұ­рыс шешім қабылдау үшін Са­лық кодексін қабылдау мерзімі­нің ауыс­ты­рылуы құжатты мұ­қият әзірлеуге берілген зор мүм­кіндік екені сөзсіз. Оған дейін ко­декс Мәжіліс пен Парламентте әлі де пысық­талып, кемшін тұс­тары түзетіліп, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап күшіне енетін болады. Ко­декс, тұтастай алған­да, салық­тар­ды және бюджетке тө­ленетін басқа да міндетті тө­лемдерді белгілеу, енгізу, өзгер­ту, олар­дың күшін жою, есептеу мен тө­леу тәртібі жөніндегі билік қа­тынастарын, сонымен бірге са­лықтық міндеттемені орындауға байланысты мемлекет пен са­лық төлеуші арасындағы негізгі қағидаттарды реттеп отырады. Мемлекет басшысы барлық дең­гейдегі мәслихат депутаттары­ның екінші республикалық фору­мында жергілікті қазына қаржы­сының дұрыс әрі тиімді бөлінуіне тоқталып, әзірленіп жатқан жаңа Бюджет және Салық кодекстерін талқылауға белсене қатысуға, жергілікті экономикалық саясат­қа ықпалды арттыру қажеттігіне, мәслихаттар бюджет саясатын, түрлі төлемдердің шекті мөлше­рін белгілеу, басқа да мәселе­лерді ұдайы бақылауға ұстауға шақырған болатын.

Алдағы іргелі өзгерістердің бірі – бүкіл салық саясатын жиі өз­геріп жатқан фискальды ахуалға бейімдеуге, оның ішінде салық мөл­шерлемесін қайта қарауға, арнайы салық режімдерін ре­­фор­малауға, яғни олардың са­нын азайтуға және қолдану шарт­тарын өзгертуге қатысты. Ол патентпен жұмыс істейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететіндерді, мобильдік қосым­шаны қолданатындарды, жыл­дық табысы 135 мың айлық есеп­тік көрсеткіштен аспайтын (4984 млн. теңге), теңгерімді салық мөл­шері 2 пайыздан 8 пайызды құ­райтын шағын бизнес, шаруа және фермер шаруашы­лықта­рын қамтиды. Мүлік пен жер са­лығы ағымдық төлемдерден алы­нып тасталады. Жобада алым­дардың түрлері мен төлемдердің мөлшерлемесін азайту көздел­ген. Осыдан-ақ жеке табыс са­лығының мөлшерлемесін аза­мат­тардың кірісіне қарай диф­ференциялау қажеттігі туындап отырғанын байқау қиын емес. Жеке табыс салығы бойынша ұсы­ныстар да көңілге қонымды. Бүгінге дейін жеке тұлғалар тап­қан табысына қарай емес, жеке та­быс салығының белгіленген мөл­шерлемесі негізінде алым тө­леп келсе, енді бұл әлеуметтік тең­сіздік жойылады. Бұдан бы­лай салықтық әкімшілендіру ісін­де жазалау тәсілінен бас тарты­лып, мәжбүрлеу шарасын қол­дан­бай-ақ хабарлама жіберу ар­қылы өндірілетін салық береше­гінің жоғарғы шегі көрсетіледі. Са­лық берешегі осы шектен асып кеткен жағдайда қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылады. Берешек сомасы тым көп болып кетсе, кепілге мүлік қою талап етіл­мей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берілмек. Бұдан бөлек, айына 30 айлық есептік көрсет­кіш және жылына 360 айлық есеп­тік көрсеткішке дейін база­лық салық шегерімдерінің мөл­ше­рін арттыру, медицина, сый­ақы және ерікті зейнетақы жар­налары үшін салықтық төлем­дерді алып тастау сияқты жеңіл­діктер бар. Жоспарға сай тексе­ру тәсілінен біржола бас тарту, ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесі жетілдірілмек. Салықтық бақылау ісін толық цифрланды­рып, есептік формаларын 30 пайызға, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті тө­лемдердің санын кемінде 20 па­йызға азайту, бөлшек салықты ен­гізу, оның қолдану аясын екі есе­ге ұлғайту, үдемелі салық са­луды енгізу жұмысын жеделдету – мұның бәрі жобаның артықшы­лығы дер едік. Айтарлықтай фис­кальды қайтарым жоқ төлемдер алынып тасталады, кейбіреулері біріктіріледі. Елімізде тек 12 са­лық бар. Бұл халықаралық стан­­дарттарға сәйкес келеді. Жалпы төлем мөлшерлемелерінің саны 77-ге, алымдар алтауға қысқа­ра­ды. Бірыңғай жер салығын табыс салығына ауыстыру ұсынылды. Демек, шаруалар мен фермер­лер үшін жеңілдік сақталады де­ген сөз. Тек төлем кодының атауы өзгереді. Салық төлеушіге тексерістің жүргізілетіні туралы веб-қосымша болмаса веб-портал арқылы үш күн бұрын ха­бар­лама жіберіліп, осы мерзім ішін­де талап орындалмаса, элек­трондық шот-фактура көшірме­сін тоқтатуға құқылы. Қосымша құн салығы бойынша тіркеу есе­біне алуға қатысты өзгерістердің бірі – салық төлеушіні тіркеу есе­бі­не шартты түрде алу түрін ен­гізу, арнайы салық режімін қол­данатын салық төлеушілерді тір­кеуден алып тастау, салық тө­леу­шіні электрондық шот-фактура жүйесімен, оның көшірме­ле­рінің тәртібімен таныстыру. Қыз­мет жүйесіне байланысты тәуе­келдерді басқару жүйесі бойын­ша санаттау қайта жүйеленеді. Корпоративтік табыс салығының мөлшерін көбейту белгіленген: банк секторы және ойын бизнесі үшін – 25 пайыз, жалпы бекітіл­ген мөлшерлеме – 20 пайыз, ауыл шаруашылығы тауар өнді­ру­ші­лері, қаржылық лизинг, әлеу­меттік сала үшін – 10 пайыз. Әлеуметтік салықтарды 6 пайыз­ға дейін кеміту белгіленген. Са­ланы толық цифрландыру мем­лекеттік қызметтердің сапасын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша төмен­детері сөзсіз. Бір сөзбен айтқан­да, жобада салық жеңілдік­те­рінің тиімділігін арттыру мәсе­лелері мұқият ойластырылған.

Басты қызметі бюджеттің кі­ріс бөлігін қамтамасыз етуге, мем­лекеттік кірістер органдары­ның жұмысын тиімді үйлестіруге, бюджеттік және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын, зей­нетақылар мен жәрдемақы­ларды уақытылы төлеуге бағ­дар­ланған облыстық мемлекет­тік кірістер департаменті жыл ба­сынан бері 266013 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті. Осы уа­қыт аралығында республикалық бюд­жетке – 29,4 млрд. жергілікті қа­зы­наға 57,9 млрд. теңге мөл­ше­рінде салық құйылды. Жос­парлы тапсырма 1,2 млрд. тең­геге асы­ра орындалды. Оның ішінде бар­лық түсімнің төрттен бірі өңдеуші кәсіпорындарға, 18 пайызы кө­тер­ме және бөлшек сауда, 13,2 пайызы ауыл шаруа­шылығы, 7,7 пайызы көлік сала­ларына тиесі­лі. Нақты атқарыл­ған кешенді ша­ралардың нәти­жесінде салық бе­решегі 1479,1 млн. теңгеге азай­ды. Әлеуметтік төлемдер бойын­ша 319 қаулы шығарылып, заң­ды және жеке тұлғалар әкімшілік жазаға тар­тылды.

Президент ұсынған жаңа са­лық саясаты бұл саладағы ахуалды түбегейлі өзгертіп, ел экономикасын дамытуға қажетті барлық жағдайды жасайды де­ген сенімдеміз.

Саян МЕЙРАМОВ,

облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp