«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарбалас тудырған қар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжарда кенеттен жауған қар жұртшылықты әбігерге салып, қиындықтар ту­дырды. Жұрт таңертең ұйқыдан ояна сала жылы киімдерін

іздеп, табиғаттың тосын мінезіне таң­да­нысып жатты. Бұл күні такси қызметінің құны да аспандап шыға келді.

Циклонның әсерінен өңірде қатты жел тұрып, кей аудандар­да жаңбыр жауып, оның арты көктайғаққа ұласты. Көлік дөңге­легін ауыстыратын орындарда ке­­зек пайда болып, автобус қыз­ме­тін пайдаланғандар көбейді.

– Полицейлер көлік құралда­рының жүргізушілеріне ауа райын мұқият бақылап отыруды және жолдағы жағдайдың шұғыл өзгеруіне дайын болуды ескер­те­ді. Қозғалыс кезінде көлік жыл­дамдығын азайту және алда ке­тіп бара жатқан машинаға дейінгі арақашықтықты ұлғайту ереже­сін ұстану қажет. Бұл жол-көлік апаты туындауы мүмкін жағ­дайда шұғыл шешім қабылдау үшін уақыт ұтуға көмектеседі. Жаяу жүргіншілерден аса сақтық таныту талап етіледі. Қар жауып, мұз пайда болған уа­қытта көлік құралдарының тоқ­тауы қиын­дай­ды. Жаяу жүргін­шілер өткелі­не шыққан кезде көліктің жол бе­ріп жатқа­нына көз жеткізген аб­зал, – дейді облыстық полиция департаменті патрульдік поли­ция батальоны­ның взвод коман­дирі Жаслан Сәдуақасов.

Бұл күні көктайғақ салдары­нан жолдан шығып кеткен көлік­тер туралы ақпарат тарады. Мә­се­лен Жезқазған-Петропавл ав­тожолының Шал ақын ауданын­дағы бөлігінде жеңіл көлік жол­дан шығып кетіп, жүргізуші зар­дап шеккен. 31 жастағы адамның миы шайқалып, аудандық ауру­ха­наға жатқызылған. Сол сияқты Астана-Петропавл тас жолының 415 шақырымында, Аққайың ау­даны Рублевка ауылының ма­ңында “Hyundai Sonata” жүргізу­шісі көктайғақта автокөлігін басқара алмай, жол жиегіндегі қа­зылған орға түсіп кеткен. Қуа­нышқа орай, жүргізуші де, оның зайыбы да дін аман.

Облыстық полиция департа­менті баспасөз қызметінің мама­ны Мәдина Ерғалиеваның сөзін­ше, жұма күні облыс бойынша осындай 2, сенбі-жексенбі тағы 2 жол апаты тіркелген.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Коллажды жасаған Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp