«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӨГЕТТЕРДІҢ БЕРІКТІГІН ТЕКСЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласы мен Қы­зылжар ауданында су тасқыны кезінде бұзылған гидро­техникалық құрылыстарды қал­пына келтіру жалғасуда.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бетов мамандармен бірге жөн­деу барысын тексерді. Жалпы ұзынды­ғы 32 шақырым болатын 8 бөгет нығайтылып, биіктетілді. Же­ңіс саябағында ашық кәріз жүйесі орнатылуда. Ал биото­ған айналасында 1968 жылы са­лынған бөгеттің ұзын­дығы 3,4 шақырымды құрайды. Оның қор­шаған ортаның эколо­гиялық тепе-теңдігі мен қауіпсіз­дігін қам­тамасыз етудегі рөлі ерекше.

“Жол картасы қабылданып, тиісті қаражат бөлінді, мерді­герлер анықталды. Жұмыс ау­қымы Былғары зауыты, Зареч­ный кенттерін, Ойқаладағы Ущев көшесін, Қызылжар ауда­нындағы Прибрежное, Бескөл, Тепличное елді мекендерін қам­тиды. Есіл өзенінің тасу ықти­малдығы, биылғы тасқынның ерекшеліктері барынша еске­рілген.Қорғаныс құрылымда­рын екі айда аяқтау міндеті тұр”, – деді өңір басшысы.

Қалпына келтіру жұмыста­рына жүздеген жүк көліктері, тиегіштер, катоктар мен грей­дерлер жұмылдырылған. Әрбір нысанға техникалық қадағалау жүргізіледі.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp