«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.10.2024

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН МАРАЛ ИШАН

ХІХ ғасырдың басында азаттық жолындағы күреске ислам діні өкілдерінің де қатысқаны тарихтан белгілі. Жалпы діни қозғалыстар тақырыбы кеңес заманында аса көп зерттеле қойған жоқ. Біз әңгіме еткелі отырған аты аңызға айналған Марал ишан Құрманұлы жөнінде революцияға дейін де, одан кейін де, біздің заманымызда да біршама кітап жазылды, газет-журналға  мақалалар шықты. Тарихи тұлға  туралы  материалдарды энциклопедиялардан …

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН МАРАЛ ИШАН Read More »

Туған тілдің тұғыры биік

Ғалымдар қазақ тілінің бай екен­дігін, жазушылар оның әсем­дігін әлдеқашан дәлелде­ген. Тілдің дәрежесінің көтерілуі – халықтың абыройының артуы. Ана тіліміздің өзгелердің ара­сын­да танымал болуы, қолда­ныс аясының кеңеюі білімді әрі рухы мықты жастардың қолын­да. Осы ретте қазіргі жас буын – еліміздің келешегі екенін ұмыт­пауы қажет. Себебі өркениетке ұмтылған елдің келешегі қашан да білікті және саналы ұрпаққа тәуелді. …

Туған тілдің тұғыры биік Read More »

Аян САДАЕВ: “ТАРИХ САБАҒЫН МУЗЕЙДЕ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНАМЫН”

– Облыс орталығындағы “Абылай хан резиденциясы” му­зей-кешені республикалық ма­ңызы бар сәулет ескерткіші саналады. Мемлекеттік қор­ғау­ға алынған музейдің ты­ныс-тіршілігіне тоқталып өт­сеңіз. – “Абылай хан резиденция­сы” осыдан 17 жыл бұрын ашылған болатын. Музей кешені үш жүз­дің басын қосқан батыр баба­мыз­дың ел тарихын­да­ғы айшық­ты орнын арттырып, Абылай хан заманынан қалған тарихи ес­керт­кіш екендігін айғақтайды. Ре­зиденцияда төрт зал бар. …

Аян САДАЕВ: “ТАРИХ САБАҒЫН МУЗЕЙДЕ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНАМЫН” Read More »

МАҚЫНЫҢ САНДЫҒЫ

Айыртау ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінде Мақы (шын аты – Әбділмақыжан) Уәлихановтың сандығы сақтаулы. Музей меңгерушісі Нұргүл Құлбаеваның айтуынша, бұл сандықты музейге Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов табыстаған.  Мақы Шыңғысұлы 1844 жылы дүниеге келген.  Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби суретші. Ол жеті жасында сүзекпен ауырып, есту және сөйлеу қабілетінен …

МАҚЫНЫҢ САНДЫҒЫ Read More »

САРЫҚҰРЛЫҚ САҢЛАҚТАРЫ

Камбоджаның Пном-Пень қаласында кикбоксингтен  Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 22 елден 432 спортшының басын қосқан байрақты бәсекеден жерлестеріміз олжалы қайтты. Кикбоксингтен сарықұрлық додасында ел спортшылары қоржынға 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль салды. Жарысқа қатысушылар фулл-контакт, лоукик және К-1 бағыттары бойынша сынға түсіп, үш теріскейлік кикбоксшы жүлдегерлер қатарынан көрінді. 86 келі салмақ дәрежесінде …

САРЫҚҰРЛЫҚ САҢЛАҚТАРЫ Read More »

Өтірігі жоқ өмір

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100  жыл толуына орай танымдық шара өтті. Шарада Петропавлдағы №2 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары жазушының өмірі және шығармашылығымен кеңінен танысты.  1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған қаламгер шығармашылық жолын өлең жазудан бастап, 1950 жылы “Бұлақ” атты жыр жинағын …

Өтірігі жоқ өмір Read More »

Алаяқтың арбауынан аман қалды

Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны бақытына орай алаяқтың арбауынан аман қалды. Өзін банк қызметкерімін деп таныстырған күдікті әйелмен сөйлескен ауыл тұрғынының телефоны басқаруға көнбей қойған. Тосын жайттан секемденген әйел көршісінен полицияға қоңырау шалып, көмек сұраған. Оқиға орнына учаскелік инспектор Нұрсұлтан Ақсанов жетіп, алдымен алаяқтар басқарып отырған  телефонды “ұшақта” режіміне ауыстырады.  Бұл құрылғыны қашықтықтан кіруден қорғауға мүмкіндік …

Алаяқтың арбауынан аман қалды Read More »

Басқармаға — жаңа басшы

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хам­бе­товтің өкімімен Дәу­рен Маратұлы Токужинов облыстық ауыл шаруа­шылы­ғы және жер қатынастары бас­қармасының басшысы қызме­тіне та­ғайындалды. Дәу­рен То­кужинов 2009 жылы М.Қозы­баев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемле­кет­тiк университетiн “қаржы бакалавры”, 2012 жылы А.Мырзах­метов атындағы Көк­шетау универси­тетiн “заңта­ну” мамандығы бойынша та­мамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы бастап, түр­лi қызметтер ат­қар­ған. 2017-2021 жылдар аралығында облыстық кә­сiп­керлiк және туризм …

Басқармаға — жаңа басшы Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ТАРТУ

Республика күні қарсаңында облыс орталығында бірнеше әлеуметтік, спорттық нысанның таспасы қиылып, пайдалануға берілді. Тұрғындарға қуаныш сыйлаған шараға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, қызылжарлықтарды құттықтады. Жастарға – жайлы жатақхана Облыс әкімі М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жанын­дағы 1200 орынға арналған жатақхана­ның ашылу салтанатына қатысты. Мағ­жан Жұмабаев көшесінің бойында орна­ласқан жатақхана алыстан көз тартады. Соңғы үлгіде жабдықталған …

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІНЕ ТАРТУ Read More »

ЖАЙЫЛЫМНЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жүргізген мониторинг бойынша өңірде бағылатын төрт түлікке 763 мың гектар жайылымдық жер қажет деп есептелсе, бары – 820 мың гектар. Басқарма басшысының орынбасары Жалғас Сүлей­меновтің айтуынша, 2022 жыл­дан бері игерусіз қалған 621,4 мың гектар алқап мем­лекет меншігіне қайтарылған. Оның 112,2 мың гектары егістік болса, қалғаны – жайылым­дық жерлер. …

ЖАЙЫЛЫМНЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ? Read More »