«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЙЫЛЫМНЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы жүргізген мониторинг бойынша өңірде бағылатын төрт түлікке 763 мың гектар жайылымдық жер қажет деп есептелсе, бары – 820 мың гектар.

Басқарма басшысының орынбасары Жалғас Сүлей­меновтің айтуынша, 2022 жыл­дан бері игерусіз қалған 621,4 мың гектар алқап мем­лекет меншігіне қайтарылған. Оның 112,2 мың гектары егістік болса, қалғаны – жайылым­дық жерлер.

“Жер аманаты” комиссия­сының отырысында 387,6 мың гектар жердің қайта бөлінгені айтылды. Атап айтқанда, мал жаюға 171,7 мың гектар жер те­лімі қарастырылса, егін ша­руашылығымен айналысқысы келетін азаматтарға 215,9 мың гектар үлестірілген. Жеке ша­руашылықтар үшін жайылым­дық жерлерге деген тапшылық байқалмайды.

Алдағы уақытта да заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары жалғасады. Егер жер пайда­ланушы адал жұмыс істеп, ин­вестиция құйып, ауылды да­мытып, жұмыс орындарын ашса, оған ешкім тиіспейді.

Бағылатын мал басының жүктемесі 50 пайыздан аз бол­са, жайылым мақсатты пай­даланылмаған болып табылады.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp