«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САРЫҚҰРЛЫҚ САҢЛАҚТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Камбоджаның Пном-Пень қаласында кикбоксингтен  Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. 22 елден 432 спортшының басын қосқан байрақты бәсекеден жерлестеріміз олжалы қайтты.

Кикбоксингтен сарықұрлық додасында ел спортшылары қоржынға 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль салды. Жарысқа қатысушылар фулл-контакт, лоукик және К-1 бағыттары бойынша сынға түсіп, үш теріскейлік кикбоксшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

86 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрсұлтан Жақыпов үш кездесу өткізді. Ақтық сында ирандық спортшыға қарсы жекпе-жекте жерлесіміз айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтын медаль еншіледі.

54 келіде Данияр Жарасов және 57 келіде Аслан Асылбеков күміспен күптелді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp