«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өтірігі жоқ өмір

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында белгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100  жыл толуына орай танымдық шара өтті.

Шарада Петропавлдағы №2 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары жазушының өмірі және шығармашылығымен кеңінен танысты.  1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған қаламгер шығармашылық жолын өлең жазудан бастап, 1950 жылы “Бұлақ” атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге 20-дан астам әңгіме, повесть, романын ұсынды. “Менің атым Қожа”, “Балалық шаққа саяхат”, “Бозтөбеде бір қыз бар”, “Өлгендер қайтып келмейді” және “Қайдасың, Гауһар” секілді тамаша туындылары балалардың сүйіп оқитын шығармаларына  айналған. Өйткені бұл шығармаларда өтірігі жоқ өмір шынайы әрі нанымды суреттеледі.

Балалар қазақ әдебиетінде жарқын із қалдырған көрнекті жазушының “Менің атым Қожа” повесі негізінде түсірілген фильмді тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Фильмнен соң жасөспірімдер алған әсерлерімен бөлісті. Бұл шара оқушылар арасында қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылықты оятуға ықпал еткені сөзсіз. Рухани орда балалардың кітап оқуға деген ынталарын арттырып қана қоймай, өскелең ұрпақты тәрбилеу мен мәдени мұраны насихаттауға да зор үлесін қосып отырғанын атап өту қажет.

Гүлжауһар ЖАҚАН, 

Ғабит  Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp