«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Туған тілдің тұғыры биік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғалымдар қазақ тілінің бай екен­дігін, жазушылар оның әсем­дігін әлдеқашан дәлелде­ген. Тілдің дәрежесінің көтерілуі – халықтың абыройының артуы. Ана тіліміздің өзгелердің ара­сын­да танымал болуы, қолда­ныс аясының кеңеюі білімді әрі рухы мықты жастардың қолын­да. Осы ретте қазіргі жас буын – еліміздің келешегі екенін ұмыт­пауы қажет. Себебі өркениетке ұмтылған елдің келешегі қашан да білікті және саналы ұрпаққа тәуелді. Бүгінгі таңда қоғамның әр саласында қазақ тілін мең­геруге және оны дамытуға ерек­ше көңіл бөлініп келеді.

Мәселен, Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшы­лы­ғына қарасты 6637 әскери бөлі­мінде офицерлер мен келісім­шарт бойынша әскери қызмет­шілер қазақ тілін үйреніп жатыр. Биылғы жылы бұл үрдіс тағы бір жаңашылдықпен толықты. Әске­ри бөлім мен облыстық мәде­ниет, тілдерді дамыту және ар­хив ісі басқармасының Тілдерді оқыту орталығы арасында мемо­рандум жасалды. Оның аясында орталықтың оқытушысы ақпан мен қараша айлары аралығында 2 топқа мемлекеттік тілді оқыта­тын сабақтар өткізеді. Оқу жы­лы­ның соңында  әскери қызметшілерге оқу деңге­йіне сәйкес сертификаттар та­бысталады. Қазіргі уақытта әске­ри бөлімде мемлекеттік тілді мең­геру бойынша  8 топ бар. Олардың біреуі бастауыш, алтауы жалғас­тырушы және біреуі тереңдетіл­ген топ болып бөлінген.

Әскери бөлімнің жеке құра­мына рухани азық алуға да мол мүм­кіндік берілген. Әсіресе қа­зақ­тың ұлы ойшылдары мен ақын-жазушыларына арналған әдеби кештер, викториналық ойындар, сайыстар өткізу дәс­түр­ге айналған. Бұл шаралар ал­дағы уақытта да жалғасын табады.

Жалпы “тіл тағдыры – ел тағ­дыры” екені белгілі. Сондықтан ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту – жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әр халық үшін тіл тек ойды жеткізу­дің құралы ғана емес, сонымен қатар елдің абыройын айқындап, тарихын танытып, болашағына бағдар жасайтын қаруы. Әр адам­ның азаматтық қасиеті оның елге, жерге, тілге, ділге де­ген құрметімен өлшенеді. Сон­дықтан тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуы үшін – баршамыз тілдің мәр­тебесін арттыру жолында нақ­ты қадамдар жасауымыз қажет.

Бақыт СӘДУАҚАСОВ,

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің аға лейтенанты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp