«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа зауыт салмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірге жұмыс сапарымен кел­ген немістің “Amandus KAHL” компаниясының құрыл­тайшысы Йоахим Берманн об­лыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбе­товтің қабыл­дауында болып, кездесуде бола­шағы зор инвестициялық жоба­ларды жүзе­ге асыру мәсе­лелері талқылан­ды.

Шетелдік мейман түрлі өнім­дер мен жем түйіршіктерін шы­ғару саласында көп жылдық тә­жірибе қалыптасқанын айта келіп, арнайы кәсіпорын салмақ ойын жеткізді.

Ұсыныс Ғауез Торсанұлы та­ра­пынан қабыл алынды.

“Компанияның елімізде жер­гілікті серіктестіктермен жо­ңыш­қадан, зығыр сабанынан және ағаштан түйіршіктер өнді­ру жобаларын қолға алуы өте құптарлық. Қондырғылар шыға­ра­тын зауыт­ты тұрғызуға ше­тел­дік инвес­торға барлық қа­жетті көмек көрсеті­леді”, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp