Өңірге жұмыс сапарымен келген немістің “Amandus KAHL” компаниясының құрылтайшысы Йоахим Берманн облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қабылдауында болып, кездесуде болашағы зор инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Шетелдік мейман түрлі өнімдер мен жем түйіршіктерін шығару саласында көп жылдық тәжірибе қалыптасқанын айта келіп, арнайы кәсіпорын салмақ ойын жеткізді.
Ұсыныс Ғауез Торсанұлы тарапынан қабыл алынды.
“Компанияның елімізде жергілікті серіктестіктермен жоңышқадан, зығыр сабанынан және ағаштан түйіршіктер өндіру жобаларын қолға алуы өте құптарлық. Қондырғылар шығаратын зауытты тұрғызуға шетелдік инвесторға барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – деді өңір басшысы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.