«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ілгерілеу бар, іркіліс те жоқ емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы тоғыз айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылу барысы мен вегетациялық кезеңнің өту қорытындылары қаралды.

Отырыста Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Бай­базаров, Қаржы министрі Мəди Такиев, сондай-ақ Ұлттық банкі­тің төрағасы Тимур Сүлейме­нов баяндама жасады. Сала­лық динамика, инвестиция тар­ту бағытында жоспарлы көрсет­кіштерден артта қалған бірқатар өңір əкімдері тыңдалды.

Ұлттық экономика министрі­нің дерегіне сүйенсек, биылғы 9 айда ІЖӨ өсімі 4 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш негізінен ауыл ша­руашылығы (+11,4 пайыз), құ­ры­лыс (+10,1 пайыз), сауда (+6,3 пайыз), өңдеу өнеркəсібі (+4,8 пайыз) салаларында бол­ған. Аталған кезеңде мұнай өн­ді­ру көлемі төмендеп кетті.

Премьер-министр мұнайдан тыс секторлардың есебінен эко­номиканың өсуі Мемлекет бас­шы­сы қойған міндеттерге сəй­кес экономиканы əртараптан­ды­ру шараларының жалғасып жат­қанын көрсететінін атап өтті. Əкімдіктер мен министрлік­тер­дің мақсатты экономикалық көр­сеткіштерге қол жеткізудегі бел­сен­ді жұмысының маңызды­лы­ғы атап өтілді. Бүгінгі таңда не­гізгі параметрлер бойынша Ал­маты, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Шығыс Қа­зақстан облыстарында, Астана мен Шымкент қалаларында тұ­рақты өсімге қол жеткізілді. Ең тө­мен көрсеткіштер Атырау, Маң­ғыстау, Жамбыл, Батыс Қа­зақстан, Ақмола облыстарында тіркелді. “Артта қалған салалар­ды жеделдетуге қажетті шара­ларды дер кезінде қабылдап, күн­делікті мониторинг жүргізу ке­рек. Əкімдіктер өңдеу өнеркə­сі­бін қолдауға, сондай-ақ құры­лыс пен сауданы ынталанды­руға баса назар аударуы қажет. Мұнда үлкен резервтер бар”, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Отырыста негізгі капиталға инвестиция тарту мəселесіне ерекше назар аударылды. 9 ай­дың қорытындысы бойынша 11 өңір жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізбеген. “Салалық ми­нистрліктер мен əкімдіктер өнім­ді сату нарықтары мен экспорттық тауарларды кеңейту үшін кəсіпкерлерге тұрақты түр­де қолдау көрсетуге тиіс. Өнді­рістерді елімізге көшіру үшін шетелдік кəсіпорындарды іздеп тауып, осында орналасқан өнді­рістерде локализацияны артты­руға жəрдемдесу керек. Жыл­дың соңына дейін негізгі капи­талға салынатын инвестиция­лар бойынша нысаналы инди­катордың орындалуын қамта­ма­сыз ету қажет. Бəріңізге осын­дай міндет қойып отырмын”, – деп тапсырған Олжас Бектенов, өңдеу секторы, агроөнеркəсіп, көлік, логистика, сондай-ақ су­мен, электрмен жабдықтау са­ла­ларын ерекше назарға алу керектігін атап өтті.

Сыртқы істер министрлігіне инвестиция тарту жұмысын кү­шейтіп, оның нəтижесі мен проблемалық мəселелерді Ин­вестициялық штаб отырыста­рына ай сайын ұсынып отыруы міндет етіп қойылды. Инфляция деңгейін бақылау мен төмен­де­туге бағытталған іс-шаралар жос­парын орындау шеңберінде Премьер-министр өңір əкімде­рі­не əлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтанды­ру жұмысын жалғастыруды тап­сырды. Қыркүйек айында ин­фля­ция 8,3 пайызға дейін баяулады. Басым міндеттердің бірі отандық тауар өндіру­ші­лер­ді қолдау мен жергілікті қамту үлесін арттыру болып қала бер­мек.

Премьер-министр əлеуеті жоғары шағын, орта кəсіпорын­дарды қолжетімді қаражатпен қамту қажеттігін айтты. Соны­мен қатар Өнеркəсіп, Қаржы, Ұлттық экономика министрлік­тері “Атамекен” палатасымен бірле­сіп, отандық тауарларды қолданудың тиімді мониторин­гін қамтамасыз етуі қажет. Қара­жатты игеру бойынша бюджет­тік бағдарламалар əкімшілеріне қаржылық тəртіпті күшейту тап­сырылды. “Мемлекеттік пен жер­гілікті атқарушы органдар осы жылдың соңына дейін барлық ресурстарды экономиканың са­палы өсуіне жұмылдыруы ке­рек. Қазіргі жағдайда бұл оңай шаруа емес. Сондықтан осы ба­ғыттағы күш-жігерді еселей түсу қа­жет. Ол үшін министрліктер мен өңірлер үйлесімді əрі тиімді жұмыс істеуге тиіс”, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Үкімет оты­рысында вегетациялық кезең­нің өту қорытындылары жөнін­де Су ресурстары жəне иррига­ция, Ауыл шаруашылығы ми­нистрлерінің, бірқатар өңір əкім­дерінің баяндамалары тың­далды.

Елімізде биыл аталған ке­зең­де су тапшылығы болған жоқ. Диқандар егін шығынын­сыз, толық көлемде егіндік су­мен қамтамасыз етілді. Оңтүстік аймақтарға тұрақты суару үшін 10,9 текше шақырым су берілді. Жалпы көлемі 1,5 млн. гектар­дан астам суармалы жерлерде шаруалар дəнді, майлы дақыл­дар, жемшөп, бақша дақылда­рын, мақта, картоп, күріш, көкө­ністер, қант қызылшасын өсірді. Оның ішінде 397,3 мың гектар алқапта су үнемдеу техноло­гиялары пайдаланылды. “Мем­ле­кет басшысы халыққа Жол­дауында экономика салала­рын­да, əсіресе ауыл шаруашы­лы­ғында су үнемдеу техноло­гия­сын кеңінен қолдану керекті­гін атап өтті. Елімізде су қоры көп емес. Сондықтан оны ба­рынша үнемдеп жұмсап, ха­лықты ғана емес, бірінші кезек­те бизнесті соған ынталанды­рып отыру керек. Өңірлер су үнемдеу технологиялары бар егіс алқаптарын ұлғайту жөнін­дегі индикаторларға қол жеткі­зуге тиіс”, – деп атап өтті Премьер-министр.

Сондай-ақ су үнемдеу тех­нологияларын енгізу жоспа­рынан едəуір артта қалған ай­мақ­тар аталды. Мəселен, Жам­был, Қарағанды жəне Атырау облыстарының бекітілген инди­каторларды төмендетіп жіберді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қа­зақстан жəне Жетісу облыстары жоспарды орындай алмады. “Аталған өңірлердің əкімдікте­ріне көрсеткіштерді қайта қа­рап, тиісті шаралар қабылдау тап­сырылды. Суару тиімділігін арт­тыру арқылы белгіленген жос­пар артығымен орындалған Қызылорда облысы оң мысал ретінде келтірілген. Бұл тəжіри­бені басқа өңірлерде, əсіресе еліміздің оңтүстігінде қолдану ке­рек”, – деп атап өтті Олжас Бек­тенов. Сондықтан су үнем­деу тех­нологияларын қолда­нып, суды көп қажет ететін да­қылдар аумағын оңтайландыру бойын­ша шаралар қабылдаған жөн.

Премьер-министр вегета­ция­лық кезеңде көрші елдер­мен сапалы келіссөздер жүргі­зу­дің маңызы зор екенін атап өтіп, мемлекеттік органдар мен шекаралас өңір əкімдіктеріне тұ­рақты бақылауда ұстауды тап­сырды.

Су ресурстары жəне иррига­ция мен Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі су қоймаларын толтыра отырып, суару кезеңінде су­дың ысырап болуын азайту ар­қы­лы келесі вегетациялық ке­зең­нің басталуына сапалы дайындық жүргізуі қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі мүм­кін­дігінше қысқа мерзімде Су ресурстары жəне ирригация ми­нистрлігімен егіншілерге су беру қызметтерінің құнын суб­си­диялау мен су үнемдеу тех­нологияларын инвестициялау кезінде шығындарды өтеу функ­цияларын да бекітіп бергені жөн. Су үнемдеу технологияла­рын ынталандырудың жаңа те­тіктерін əзірлеу маңызды. Ауыл шаруашылығы мен Су ресурстары жəне ирригация министр­ліктеріне тиісті тапсырма берілді. Мемлекеттік органдардың міндеті – су үнемдеу техноло­гияларын қолдана отырып, суар­малы алқаптарды жыл сайын 150 мың гектарға дейін ұлғайту болып табылады.

(“Egemen Qazaqstan”,

16 қазан 2024 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp