«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.10.2024

Ағайынды балуандар

Спорт әлемінде ағайынды спортшы­ларды жиі көреміз. Ағалы-інілі, апалы-сіңілілер арасында дүбірлі додаларда талайдың таң­дайын қақтырып жүрген сайыпқырандар да бар. Аралас жекпе-жек шеберлері Бейбіт пен Ардақ Назаров, бокстағы Данияр мен Дәурен Елеусінов және биылғы Олимпиадаға қатысқан Айбек пен Нұрбек Оралбайды мысалға келтіруге болады. Бұл қатарға облысымыздың тумалары, ағайынды Дәуренбековтерді де қосқан артық емес. Дәуренбековтер әулетінде бес ұл, …

Ағайынды балуандар Read More »

Елдің дәулеті, жердің сәулеті

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасы өз қызметін орман шаруашылығын ұйымдас­ты­ру, табиғат қорғаудағы іс-шаралар, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру, аңшылық және балық шаруашы­лығын реттеу және дамыту ба­ғыттары бойынша үйлестіріп оты­рады. Мекемеге қарасты 12 жә­не “Красный бор” жануарлар дү­ниесін қорғау мекемесіне өсім­діктер мен жануарлар дүниесін сақтау, ормандарды өрттен, заң­сыз кесуден, …

Елдің дәулеті, жердің сәулеті Read More »

БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында Мәжіліс комитеттері депутаттардың қолдауымен “Мәдениет туралы” Заңға өзгерістер енгізу, денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау, инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобаларын қарап, жұмысқа қабылдады. Жалпы отырыста алдымен …

БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ Read More »

ҮШ ЖҮЗДІҢ ПІРІ БОЛҒАН МАРАЛ ИШАН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Марал ишан: өмірі мен қоғамдық-діни және саяси қызметі (1780-1853)” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ұлт-азаттық қозғалыстың рухани күрескері Марал Құрманұлының есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шара аясында Ислам мәдениеті музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ашылды. Марал бабамыздың 255 жыл­дығына орай ұйымдастырылған алқалы жиын “Сыр өңіріндегі ис­лам руханияты” атты көрмемен бас­талды. …

ҮШ ЖҮЗДІҢ ПІРІ БОЛҒАН МАРАЛ ИШАН Read More »

Жастар – елдің тірегі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан академиясында салтанатты іс-шара өтті. Білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова, Оқушылар сарайының директоры Дина Әбілмәжінова, Петропавл әскери гарнизонының бастығы, подполковник Қайрат Жәнібеков, №6637 әскери бөлімнің командирі Досан Күркенов, “Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының” Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Шамиль Шакиров және академия бастығы, полковник Артур Тоқушев Солтүстік Қазақстан облысының әскерге дейінгі …

Жастар – елдің тірегі Read More »

Әдептен озбайық

Мемлекеттік қызметшінің этикасы дегеніміз – белгілі бір қоғамға тиесілі саналы, нақтыланған және жалпыадамзаттық мораль болып табылатын мінез-құлық нормаларының жүйесі, іс-әрекеттер мен ережелердің тәртібі, мемлекеттік қызметтік қатынастар мен ұстанымдар. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын белгілейді. Оның басты мақсаты қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ …

Әдептен озбайық Read More »

БАРЛЫҚ АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Облыс орталығында аула­ларды абаттандыру ісі кешенді түрде жүргізіліп, бүгінге дейін 30 аулада жөндеу жіргізілді. Жобалау кезінде бірінші кезекте бала­лар мен ересектердің мүдде­лері ескеріліп, көпбейінді ойын алаңдары мен демалыс орындарына басым­дық берілген. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов Хименко көшесіндегі ауланы аралап, атқарылып жат­қан шаралармен танысты. Ау­лаға асфальт төселген, авто­тұрақ пен жарық шамдары ор­натылған, футбол, баскет­бол, балалардың ойын …

БАРЛЫҚ АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ Read More »

Бағаны негізсіз өсірген

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің әлеуметтік маңызды міндеттерінің бірі – өңір азаматтарының өмір сүру сапа­сына кері әсер ететін проблема­ларды шешу. Бұл – сыбайлас жем­қорлық тәуекелдері карта­сына енгізілген әлеуметтік проб­лема­лар­ға мониторингтер және сыртқы талдаулар жүргізу арқы­лы жүзеге асырылады. Осы жайында өңірлік коммуника­ция­лар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Кешенді іс-шаралар бары­сын­да облыстық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы …

Бағаны негізсіз өсірген Read More »

Қазақстан астығына сұраныс жоғары

“Азық-түлік келісімшарт корпо­рациясы” ҰК” АҚ фермерлерді қол­дау мақсатын­да ауыл шаруашы­лығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарла­масы шеңберінде 2024 жылғы ас­тықты қабылдауға бел­сене кірісті. Осыған орай бидай мен ар­па­ның бағалары белгіленді. 3-ші сұ­рыпты бидай (қамырлы­лы­ғы 27 пайыз) – 100 мың теңге, 3-ші сұ­рыпты бидай (қамырлылы­ғы 25 па­йыз) – 90 мың теңге, 3-ші сұ­рыпты бидай (қамырлы­лығы 23 пайыз) …

Қазақстан астығына сұраныс жоғары Read More »

ҚҰТҚАРУШЫ БОЛУ – ЕРДІҢ ІСІ

Мен үшін құтқарушылар үміт сәулесі іспетті. Төтенше жағдайға тап болған жандар дәл осы құтқарушыларды асыға күтеді, олардың кәсібилігінің арқасында аман қалатынына үміттенеді. Атқарып жүрген қызметтеріне сәйкес жауапкершілік пен халықтың сенімін арқалап жүрген жандар өз өмірлерін қатерге тігетінін қаперімізден шығармайық. Сырт көзге “суға салса батпайтын, отқа түссе, жанбайтындай” болып көрінетін құтқарушылар да ет пен сүйектен жаратылған. …

ҚҰТҚАРУШЫ БОЛУ – ЕРДІҢ ІСІ Read More »

АҒАШ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Республика күні қарсаңында Премьер-министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен ағашты тереңдете өңдейтін жаңа зауыт іске қо­сылды. Түрік инвесторы Оғузхан Че­ликтің озық жобасын жүзеге асы­ру мемлекеттік қолдаудың арқа­сында мүмкін болды. Кәсіп­орынға 8 млрд. теңге мөлше­рінде қаржы тар­тылып, 300 адам жұмыспен қамтылды. Зауыт жоғары технологиялық за­манауи қон­дыр­ғылармен жаб­дық­талған. То­лық қуатына көш­кенде жылына 50 …

АҒАШ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ Read More »

Қазақ әдебиетінің ақсұңқары

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен “Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты еске алу кеші Алаштың ардақты перзенті, жазушы, ақын, драматург Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналды. Иісі қазаққа әнімен де, сәнімен де әйгілі болған аяулы ақын қамшының сабындай қысқа ғұмырын ұлтының азаттығына арнады. “Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік”, “Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізуге кірісу”, “Ұлт театры …

Қазақ әдебиетінің ақсұңқары Read More »

САХНА ТӨРІНДЕ – ҚОҒАМ САҚШЫЛАРЫ

Республика күні қарсаңында облыстық полиция департаментінде “Міндет! Абырой! Ерлік!” атты көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар қазылар алқасының назарына қазіргі заманғы патриоттық әндер мен уақыт сынынан өткен 12 вокалдық туынды ұсынды. Сайыстың қорытындысы бойынша Тайынша аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Жамалдин Сүлейменовтің орындауындағы Нұрлан Әлімжановтың “Қазақстан” композициясы бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орын “Көк бөрі” туындысын …

САХНА ТӨРІНДЕ – ҚОҒАМ САҚШЫЛАРЫ Read More »

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Қарттарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында Шал ақын ауданында салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік кешке ауданның дамуына атсалысқан аға буын өкілдері жиналды. Концерттің шымылдығын аудандық Мәдениет үйінің “Аяла” би тобы ашты. Аудан әкімі Қайрат Омаров алдыңғы толқын өкілдеріне ризашылығын білдіріп, мықты денсаудық, ұзақ та мағыналы ғұмыр тіледі. Көп жылғы адал еңбегі, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін …

Қарттарын қадірлеген ел ардақты Read More »

Астаналық алаяқ

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғыны С.-ға қатысты үкім шығарды. Ол Солтүстік Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқаны үшін мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларына 250 мың АҚШ долларын беретінін айтып сендірген. Сот мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 12 жыл бас бостандығынан …

Астаналық алаяқ Read More »

ЖҰРТЫНА ҚАДІРІ МӘЛІМ ЖАҚАҢ ЕДІ

Уақыт көші алға жылжыған сайын көне соқпақ, кешегі өткен күндер көкірегіңді қоламтаның шоғындай қыздырып, елес берері бар. Аруақ қонып, нар шөккен әйгілі Айыртау атырабындағы халқына қалтқысыз қызмет еткен ел ардақтылары туралы сыр толғап, көңіл елегінен өткізген кезде кісілік келбеті, адамгершілік ажарымен ойыңа оралатын арқалы азаматтың бірі – Жақаң, Жақсыбай Төрегелдин. Айыртау елі Алашқа аты шық­қан, …

ЖҰРТЫНА ҚАДІРІ МӘЛІМ ЖАҚАҢ ЕДІ Read More »