«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҒАШ ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Республика күні қарсаңында Премьер-министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен ағашты тереңдете өңдейтін жаңа зауыт іске қо­сылды.

Түрік инвесторы Оғузхан Че­ликтің озық жобасын жүзеге асы­ру мемлекеттік қолдаудың арқа­сында мүмкін болды. Кәсіп­орынға 8 млрд. теңге мөлше­рінде қаржы тар­тылып, 300 адам жұмыспен қамтылды. Зауыт жоғары технологиялық за­манауи қон­дыр­ғылармен жаб­дық­талған. То­лық қуатына көш­кенде жылына 50 мың текше метр ламинат­талған фанер шы­ғара алады. Осылайша елі­мізде аталған өнімнің импорты 13 пайызға дейін азаймақ.

Ағаш өңдеу кластері “Qyzyl­jar” АЭА аумағында орналасқан. Мұнда жанармай түйіршіктерін шығаратын желі де іске қосы­луда. Бұдан бөлек, ДСП, химия және жиһаз өндірісін жолға қою жоспарланған. 2027 жылға дейін бұл бағытқа 25 млрд. теңге инвестиция салынады.

Премьер-министрдің кеңес­шісі жұмыс сапары барысында жылыжайды, қағаз өнімдері фаб­рикасын, сүт зауытын ара­лады. №2 Петропавл жылу электр орталығының жұмысы­мен танысып, көпір құ­рылысын бақылады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp