Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты елорда тұрғыны С.-ға қатысты үкім шығарды. Ол Солтүстік Қазақстан облысында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт жасасқаны үшін мемлекеттік органдардың жоғары лауазымды тұлғаларына 250 мың АҚШ долларын беретінін айтып сендірген.
Сот мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Әсет ҚАНАФИН.