Облыс орталығында аулаларды абаттандыру ісі кешенді түрде жүргізіліп, бүгінге дейін 30 аулада жөндеу жіргізілді. Жобалау кезінде бірінші кезекте балалар мен ересектердің мүдделері ескеріліп, көпбейінді ойын алаңдары мен демалыс орындарына басымдық берілген.
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Хименко көшесіндегі ауланы аралап, атқарылып жатқан шаралармен танысты. Аулаға асфальт төселген, автотұрақ пен жарық шамдары орнатылған, футбол, баскетбол, балалардың ойын алаңқайлары бар. Бұған дейін бұл жұмыстар жеке-жеке атқарылып келсе, бұдан былай абаттандыру толық жүргізіледі.
Сондай-ақ “Бірлік” шағынауданында үш балаларға арналған ойын және спорт алаңы, Жұмысшы кентінде бір кешен жұмыс істейді. Жалпы бас шаhарда 596 ауланың 254-і әлі де жаңартуды қажет етеді.
“Нақты тапсырмалар жүктелді, қаражат жеткілікті. 5 жылдың ішінде барлық аулаларды қалпына келтіріп, тұрғындарға жайлы жағдай жасау міндеті тұр”, – деді Ғауез Торсанұлы.
Ермек ЖҰМА,
“Soltüstık Qazaqstan”.