«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бағаны негізсіз өсірген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің әлеуметтік маңызды міндеттерінің бірі – өңір азаматтарының өмір сүру сапа­сына кері әсер ететін проблема­ларды шешу. Бұл – сыбайлас жем­қорлық тәуекелдері карта­сына енгізілген әлеуметтік проб­лема­лар­ға мониторингтер және сыртқы талдаулар жүргізу арқы­лы жүзеге асырылады. Осы жайында өңірлік коммуника­ция­лар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Кешенді іс-шаралар бары­сын­да облыстық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің мамандары мемлекеттік сатып алу жүйесін тексеріп, жөн­сіз сатып алулардың жолын кес­ті. Сөйтіп, мемлекет қаржысын үнемсіз, тиімсіз пайдаланудың алдын алды. Тоғыз айдың ішін­де “Сатып алудың бірыңғай те­резесі” порталына мониторинг жүргізіліп, 1 млрд. теңгеден ас­там қаражат үнемделді.

“Мемлекеттік сатып алулар бойынша мысалдар келтіретін болсақ, Петропавл қалалық тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қымбат дәрілік ұнтақтың 80 тон­насын 34 млн. теңгеге сатып ал­мақ болған. Ал Жамбыл ауда­нында қымбат бағаға білім орда­ларына жаңа қазандықтар орна­ту көзделген. Сатып алу құны тым жоғары көрсетілген. Келі­сім­­дердің күші жойылып, 103 млн. теңге үнемделді”, – деді об­лыстық сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынба­сары Ай­дос Жүнісов.

Бұл бағыттағы жұмыстар әркез бақылауда болмақ. Себебі қазына қаржысын мақсатты пай­далану, әр теңгені есептеу бас­ты міндет болып қала береді.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp