«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЮРОКРАТИЯДАН АРЫЛТУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында Мәжіліс комитеттері депутаттардың қолдауымен “Мәдениет туралы” Заңға өзгерістер енгізу, денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау, инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобаларын қарап, жұмысқа қабылдады.

Жалпы отырыста алдымен Заңнама жəне сот-құқықтық ре­форма комитетінің төрайымы Снежанна Имашева “Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне нормашы­ғармашылықты жетілдіру мə­се­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасы жөнінде баян­дама жасап, аталған құжаттың негізгі мақсатын түсіндірді.

– Заң жобасы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау мақсатында əзірленді. Заң жобасымен Кəсіпкерлік, Экологиялық кодекс­терге жəне кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу көзделген. Оның негізгі мақ­саты – заңнаманың тұрақты­лығы мен қолжетімділігін жетіл­діру, халық пен нысаналы топ­тардың нормашығармашылық үдерісіне қатысу деңгейін арт­тыру, нормашығармашы­лық үдерісінің жекелеген кезеңде­рін жетілдіру, заңнамалық нор­малардың шамадан тыс нақты­лауын алып тастау, – деді Сне­жанна Имашева.

Күн тəртібіндегі екінші мə­се­ле – “Мəдениет туралы” Қа­зақстан Республикасының За­ңы­на толықтырулар енгізу ту­ра­лы” Заң жобасын Əлеумет­тік-мəдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов таныстырды. Құжат жасанды интеллектінің дамуы аясында тілдің цифрлық, ұлттық, сөздік қорын жасауды көздейді. Яғни ауқымды тілдік модельді қа­лыптастыруға бағытталған.

Кейін Парламент Мəжілі­сі­нің қарауына “Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнама­лық актілеріне денсаулық сақ­тау саласындағы нормалар­дың артық (шамадан тыс) заң­на­малық регламенттелуін бол­ғызбау мəселелері бойынша өз­герістер енгізу туралы” Заң жо­басы ұсынылды.

– Бюрократиядан арылту жұмысының шеңберінде заң­дар­дан уəкілетті орган мен нұс­қаулықтарды, алгоритмдерді, номенклатураларды бекіту сияқ­ты нормаларды алып тас­тау ұсынылып отыр. Сəйке­сін­ше, бұл функцияларды мемле­кеттік органның ережесіне енгі­зу көзделіп отыр, – деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ отырыста “Қа­зақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне ин новациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, “Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңна­ма­лық актілеріне қылмыстық жол­мен алынған кірістерді заңдас­тыруға (жылыстатуға) жəне тер­роризмді қаржыландыруға қар­сы іс-қимыл мəселелері бо­йынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы” Заң жобасы қаралды.

Бұған қоса депутаттар “Қа­зақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне қар­жы нарығын дамыту жəне қаржылық көрсетілетін қызметтер­ді тұтынушылардың құқықта­рын қорғау мəселелері бойын­ша өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы” Заң жоба­сын бірінші оқылымда мақұл­да­ды. Заң жобасын Қаржы нарығын реттеу жəне дамыту агенттігінің төрағасы Мəдина Əбілқасымо­ва таныстырды. Құ­жатта қаржы ұйымының бас­шылық лауа­зы­мына кандидат­ты келісу кезінде жұмыс өтілі ескерілетін ұйымдардың тізбе­сін кеңейту, жанама банк хол­дингтерінің өз басшы қызметкерлерін қаржы нарығы мен қар­жы ұйымдарын реттеу, бақы­лау жəне қадаға­лау жөніндегі уəкілетті орган мен келісу мін­детін алып тастау ұсынылып отыр. Айта кетерлігі, заң жо­басында уақытша бол­маған бас­шы қызметкердің мін­дет­те­рін атқарудың ықтимал мерзі­мін регламенттеу, цифр­лан­дыру­ды дамытуға байланысты өзектілігін жоғалтқан та­лап­тарды оңтайландыру жос­пар­­ланған.

Мəжіліс “Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткі­зу жəне қоғамдық қатысу мəсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы” Заң жобасын екінші оқы­лым­да қабылдап, Сенат қара­уына жол­дады. Бұл құжат 2024 жылғы 21 ақпанда Парламент Мəжілісінің жалпы отырысын­да бірінші оқы­лымда мақұлдан­ған.

– Аталған заң – мемлекеттік аппараттың ашықтығын қамта­масыз етуде, азаматтардың ақ­паратқа қол жеткізу дəрежесін арттырудағы жүйелі қадам. Құ­жат аясында мемлекеттік ор­гандардың халыққа қызмет көр­сету сапасын арттырып, аза­мат­тарға мемлекеттің жұмы сының ашықтығын қамтамасыз ететін тетіктер пайда болады. Заңда ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін мемлекеттік органдардың жа­уапкершілігін күшейту, ақпа­рат­қа қол жеткізу саласында мемлекеттік бақылауды енгізу, ақпараттың ашықтығы пре­зумпциясы мен ақпаратты проактивті түрде тарату қағи­дат­тарын бекіту, сондай-ақ мү гедектігі бар адамдарға ақпа­ратқа қол жеткізу үшін қажет жағдайлар жасауға бағыт­тал­ған нормалар ұсынылды, – деді Əлеуметтік-мəдени даму коми­те­тінің мүшесі Ерлан Саиров.

Күн тəртібіндегі негізгі мəсе­ле­лер қаралып, заң жобалары қабылданған соң, депутаттар мемлекеттік органдарға депу­таттық сауал жолдады. Мəжіліс депутаты Жарқынбек Аман­тайұлы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсено­ваның атына əлеуметтік желі қолданушыларының жауапкер­шілігін арттыру мəселесін көтерді.

– Қоғамды дүрліктірген тағы бір маңызды мəселе – əлеумет­тік желілердегі арзан ақыл, са­пасыз білім сатқыш, білгіштер­дің көбеюі. Байқап қарасақ, əлеуметтік желілерде “бақытқа жету жолын көрсетемін, жыл­дам баюды үйретемін, күйзе­лістен құтқарамын, түпсанаң­ды түзетемін, бір айда жұлдыз­ға айналдырамын, тез арықта­та­мын, шет тілінде сайратып жі­беремін” деген секілді сан­түр­лі курс, вебинар, тренинг са­тушы­лар – блогер, бизнес-тре­нер, коуч, психолог, мотива­тор­лар­дың жарнамасы желдей есіп, сауданың көрігін қыздырып жатыр, – деген Мəжіліс де­путаты мұндай ұнамсыз əре­кетке шоу-бизнес өкілдерімен бірге ай­тыс­керлердің де барып жүрге­нін атап өтті. Олардың жүз­де­ген мың теңгеге бағалан­ған са­бақ­тарын жұрт тіпті несие ре­сім­деп сатып алып, кейін қа­рыз­ға бел­шесінен батып қалға­нын да жет­кізді. Кей деректер­де еліміздегі осындай инфо­биз­нестің жыл­дық айналымы 500 млн. дол­ларға жеткені ай­тыл­ған. Бол­жам бойынша ал­да­ғы 5 жылда 2 млрд. долларға жетуі мүмкін дей­ді. Осыны не­гізге алған де­путат Үкімет ин­фобиз­нес плат­формалары­ның маз­мұ­ны мен идеология­сына жəне заңдылы­ғына, оны жүргі­зуші­лердің де­рек­теріне монито­рингті күшей­ту керек екенін жеткізді.

Ал депутат Елнұр Бейсен­баев ауылдағы ағайынның жағ­дайын айтып, бірқатар ұсыныс жасады. Яғни қымбатшылық пен жұмыссыздықтың салда­рын ауыл тұрғындары тартып отырғанын айтып, бұл мəселе­ні шешу үшін “Ауыл аманаты” жобасы қолға алынғанын жет­кізді. Алайда жобаның нəти­же­лі атқарылуында бірқатар түйт­кілді мəселе бар екенін сөз етті.

– Жоба аясында былтыр 100 млрд. теңге бөлініп, игеріл­ді. Биыл да 100 млрд. теңге бө­ліну жоспарланған еді. Алайда жыл соңына таяса да ол қара­жат бөлінбей, Үкімет өңірлерге тек 7 млрд. теңге ғана жіберген. Біріншіден, Үкіметтің өз ве­домстволары арасындағы өз­ара келісілмеген əрекеттер жүйелі түрде кедергі болып отыр. Өңір əкімдері жоба ая­сында соманың қайтарылу ке­пілі болғанын ескеріп, көбінде тəуекелге барудан бас тарта­ды. Ауыл халқын кедейшіліктен құтқаратын бірден-бір жобада əрбір облыс, аудан əкімдері тар­тынып қалмауға тиіс. Екінші­ден, жобаға қатысушылардың көбі ауыл шаруашылығы өнді­рісіне оқытылмайды. Үшінші­ден, жоба аясында ауыл тауар өн­дірушілерін қолдауға арнал­ған кешенді экожүйенің құрыл­мауы дайын өнімді өткізуде қиындық тудырып отыр, – деді Мəжіліс депутаты.

(“Egemen Qazaqstan”,

17 қазан 2024 жыл).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp