«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елдің дәулеті, жердің сәулеті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды рет­теу басқармасы өз қызметін орман шаруашылығын ұйымдас­ты­ру, табиғат қорғаудағы іс-шаралар, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру, аңшылық және балық шаруашы­лығын реттеу және дамыту ба­ғыттары бойынша үйлестіріп оты­рады. Мекемеге қарасты 12 жә­не “Красный бор” жануарлар дү­ниесін қорғау мекемесіне өсім­діктер мен жануарлар дүниесін сақтау, ормандарды өрттен, заң­сыз кесуден, түрлі зиянкестер мен аурулардан, сондай-ақ қас­көй адамдардан қорғау міндет­тері жүктелген.

Өңірдегі мемлекеттік орман қо­рының жалпы ауданы 549,5 мың гектарды құрайды. Маңыз­ды ши­кізат қоры әр алуандығымен ерек­­шеленеді және қайың-көкте­рек шоқтары басым (85 пайыз). Қал­ған бөлігі – терек, үйеңкі ара­лас.

Алдымызда Мемлекет бас­шысының тапсырмасына, сон­дай-ақ орман алқаптарын кө­бей­тудің, ағаш өсірудің жергілікті ке­шенді жоспарына сәйкес, 2 млрд. ағаш желегімен көмкеру мін­деті тұр. Үлкен жауапкерші­лік, зор ұйымдастырушылық шаралардың нәтижесінде соңғы үш жыл ішінде 28,2 млн.түп көшет отырғызылды. Биыл 1403 гектар алқапқа 8966 мың түп көшет егіл­ді. Күз маусымында 2 мың гек­тардан астам аумақ қамтыла­ды. Кешенді жоспарды орындау үшін арнайы қаржы қарастыры­лып, қажетті материалдар, ағаш тұқы­мы, 36 техника, тәлімбақ­тар­ға суаруға арналған 39 сыйым­­ды­­лы­ғы жоғары ыдыс сатып алын­ды. 9350 гектар жерге геоботани­калық зерттеу жүргізіліп, ағаш егу алаң­дары белгіленді.

Негізгі міндеттің бірі – орман­ды заңсыз отауға жол бермеу. Нысаналы бағдарлама осыған ба­ғытталып, қоршаған ортаны көздің қарашығындай сақтау жол­дары мұқият ойластырылған. Ор­ман қоры аумағында және оған іргелес жерлерде қызыл тілі су­маңдаған өрттің алдын алу өте ма­ңызды, мұның өзі бейқам бол­мауды, кез келген төтенше жағ­дайға сақадай-сай әзірлікті қа­жет етеді. Осы себепті тұрғын­дар, оқушылар, туристер, дема­лу­шылар, ағаш дайындау бригадаларының жұмысшылары ара­­сында түсіндіру жұмыстарын бір сәт те босаңсытпау басты назарға алынған. 475 рет бетпе-бет әңгіме өткізіліп, ауыл шаруа­шылығы тауарын өндірушілерге 3137 парақша таратылды, 730 ұй­ғарым берілді. Бұқаралық ақпа­рат құралдары арқылы 85 мақа­ла жарияланып, 7 телесюжет ұйымдастырылды. Демалыс жә­не темекі шегу орындары та­лапқа сай жабдықталып, 1273 стенд орнатылды.

Орман өрттерінің алдын алу­дың айрықша шараларының бірі – орман алаңқайларын таза ұс­тау. Жыл басынан бері 2241 гектар алқаптан 3,5 мың текше метр қураған ағаш пен бұта шы­ғарылды. 800-ге жуық жұмысшы жұмылдырылып, ұзындығы 26 113 шақырым өртке қарсы ми­нералданған жолақтарға күтім жасалды, 978 шақырым жаңа жо­лақтар құрылды. Көршілес Ре­сейдің Омбы, Қорған және Түмен облыстарындағы әріптестермен бірлесіп, шекара маңындағы ау­мақтарда қоян-қолтық жұмыс іс­теу жөнінде келісімдерге қол қо­йылды. Жаз айларының шіліңгір ыстық кездерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады, өртке қарсы техника мен жаб­дықтар дайындыққа келтіріледі, жедел топтар құрылады.

Жыл өткен сайын мекеме­лер­­дің материалдық-техникалық ба­засы жаңарып келеді. Биыл ар­найы техникалар сатып алуға жер­­гілікті қазынадан 252 млн. теңге бөлініп, бөлімшелер 2 өрт сөн­діру көлігімен, 12 пилотсыз ұшу аппаратымен, өртті ерте анықтау қондырғысымен толық­ты. Күнделікті қызметте ағашты жинау және қайта өңдеу мәсе­ле­лерін үйлестіріп отырудың мәні айрықша. 12 орман пайдалану­шы ағаш дайындаумен және ағаш өңдеумен айналысады. Ағаш қалдықтары, нақтырақ айт­қанда, 350 мың текше метрден ас­там қалдық сүрек тұрғындарға отын ретінде таратылды. Сүрек­діңді жаңарту және ормандар­дың тұқымдық құрамын байыту бо­йын­ша 619 гектар алқапта ке­су, 224 гектар алқапта сани­тар­л­ық-іріктеу жұмыстары атқа­рылды.

Биылдан бастап орман ша­руашылықтары мен орманды ұзақ мерзімге жалға алушылар үшін арнайы төлемнің енгізілуі құптарлық. 38407 гектар аумаққа арнайы патологиялық зерттеу­лер, 318 гектар алқапқа биотех­ни­калық іс-шаралар, 3138 гектар аумаққа химиялық өңдеу жүзеге асырылды. Орман зиянкестеріне қарсы күреске 21,7 млн. тең­ге жұмсалды. Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау, көбейту мәселелеріне тарту мақсатында 9 мыңнан ас­там жастың және еріктілердің қа­тысуымен 120-дан астам эко­ло­гиялық акция барлық аудандар­да ұйымдастырылды. Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу кезеңінде зардап шеккен отбасыларға орман шаруашы­лы­ғы қызметкерлерінің риясыз, шын жүректен көмек қолын соз­ғанын ерекше атап өткім келеді.

Техникалық сауатты және өз ісіне берілген мамандарсыз бел­гіленген мақсаттарға жетудің оңай емесін көп жылдық тәжіри­бе­ден жақсы білеміз. 535 орман қызметкерінің үштен бірінің жұ­мыс өтілі 15 жылдан кем емес. Әсі­ресе, сала ардагерлеріне ал­ғысымыз бен құрметіміз шексіз. Оларды орман шаруашылығы­ның негізін қалаған аға ұрпақ, жастардың ақылшысы ретінде әркез мақтан тұтамыз. Уақытпен санаспайтын жанқиярлық еңбегі арқылы таңдаған мамандығына адалдығын танытып келеді.

Алдағы міндеттер өте ауқымды. Орман шаруашылығы­ның тиімділігін арттырудан бастап кәсіпорындарды техникалық қай­та жарақтандыру, саланы цифр­ландыру, білікті кадрлар даяр­лау – басым бағыттардың бірі. Өңіріміздің табиғи ресурстарын сақтаумен қатар көбейту басты мұрат болып қала береді.

Бейбіт ИСМАНОВ,

облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp