«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жастар – елдің тірегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан академиясында салтанатты іс-шара өтті. Білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова, Оқушылар сарайының директоры Дина Әбілмәжінова, Петропавл әскери гарнизонының бастығы, подполковник Қайрат Жәнібеков, №6637 әскери бөлімнің командирі Досан Күркенов, “Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағының” Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Шамиль Шакиров және академия бастығы, полковник Артур Тоқушев Солтүстік Қазақстан облысының әскерге дейінгі жастары арасында әскери-патриоттық жұмысты нығайту бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл меморандум ұлттық бірлікті нығайтуға және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған. Оның мақсаты – жастар арасында патриотизмді дамыту, ең жақсы дәстүрлер мен тәжірибелерді жеткізуде ұрпақ сабақтастығын сақтау. Ерекше назар жасөспірімдер арасында жоғары патриоттық сана мен ел мүдделерін қорғауға дайындықты дамытуға аударылады. Сонымен қатар құжатта жастарды Отан алдындағы азаматтық борышты өтеуге бейімдеу де қарастырылған.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp