«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САХНА ТӨРІНДЕ – ҚОҒАМ САҚШЫЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Республика күні қарсаңында облыстық полиция департаментінде “Міндет! Абырой! Ерлік!” атты көркемөнерпаздар байқауы ұйымдастырылды. Қатысушылар қазылар алқасының назарына қазіргі заманғы патриоттық әндер мен уақыт сынынан өткен 12 вокалдық туынды ұсынды.

Сайыстың қорытындысы бойынша Тайынша аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Жамалдин Сүлейменовтің орындауындағы Нұрлан Әлімжановтың “Қазақстан” композициясы бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орын “Көк бөрі” туындысын орындаған Жамбыл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мейірбек Құрманов пен жедел уәкіл Ғизат Қошановқа бұйырды. Үшінші орынды “Саржайлау” әнін шырқаған Аққайың аудандық полиция бөлімі кеңсесінің технигі Гүлденай Бимендина иеленді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp