«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қазақстан астығына сұраныс жоғары

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Азық-түлік келісімшарт корпо­рациясы” ҰК” АҚ фермерлерді қол­дау мақсатын­да ауыл шаруашы­лығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарла­масы шеңберінде 2024 жылғы ас­тықты қабылдауға бел­сене кірісті.

Осыған орай бидай мен ар­па­ның бағалары белгіленді. 3-ші сұ­рыпты бидай (қамырлы­лы­ғы 27 пайыз) – 100 мың теңге, 3-ші сұ­рыпты бидай (қамырлылы­ғы 25 па­йыз) – 90 мың теңге, 3-ші сұ­рыпты бидай (қамырлы­лығы 23 пайыз) – 85 мың теңге, 4-ші сұрыпты бидай (қамырлы­лы­ғы 21 пайыз) ­– 75 мың теңге, 4 сұрыпты бидай (қамырлы­лы­ғы 18 пайыз) – 65 мың теңге, 5-ші сұрыпты бидай (қамырлылы­ғы 18 пайыз) – 60 мың теңге, 2-ші сұ­рыпты арпа (табиғилығы 630 г/л кем емес) – 50 мың тең­ге. Ауыл ша­руашылығы өнімде­рін қабылдау лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорында­ры­нда алдын ала төлем жасау арқылы жүзеге асыры­лады. Екі та­раптық форвардтық сатып алу келісім­шарт­тары бойынша 3-сұрыпты бидайды қабылдау­ға басымдық берілген.

Өйткені мемлекеттің азық-түлік резервін жыл сайын то­лықтырып отыру қажет. Ол ұн тарту кәсіпорындарын қамта­ма­­сыз етіп, нан бағасын тұрақ­тандыруға пайдаланылады. Бір артықшылығы, бұл сұрып бо­йынша міндеттемелерін орын­да­­ған шаруалар желтоқ­сан айы­нан басталатын “ерте фор­вард” аясында көктемгі егін егу жұ­мыстарын қаржыланды­руға үміт­кер бола алады.

Бүгінгі таңда қазақстандық астықты сыртқы нарыққа қызы­ғушылық шығаруға жоғары. Мұ­ның өзі нарық қатысушылары мен “ҚТЖ” ҰҚ” АҚ тасымалдау­шы­ларының өза­ра іс-қимылын күшейтіп, тер­ми­налдардың Кас­пий теңізінің ак­ваториясындағы теңіз портта­рында астықты ауыс­тырып тиеу дайындығына ық­пал етеді.

Біз телефон арқылы хабар­ласқанымызда солтүстікқазақ­стан­дық фермер Жанәбіл Ер­кінбеков жаз, күз маусымдарын­да толассыз жауған жаңбыр ас­тықтың сапасына қатты әсер етіп, бағаның төмендеуіне әкел­генін жеткізді. Ол көптен бергі серіктесі “Азық-түлік келі­сім­шарт” корпорациясы ҰК” АҚ-ның өңірлік фи­лиалына жүгін­ген. Форвардтық бағдарламаға өтініш беріп, же­ңілдіктерді пай­да­ланбақ.

“Форвардтық сатып алу өте оңтайлы қаржыландыру жоба­сы саналады. Астықты кімге, қайда сатамыз деп уайымда­маймыз. Бидайдың негізгі көле­мі 3-ші сұрыпқа сәйкес келетін­діктен, өнімді сыртқа сатуға да мүдделіміз”, – дейді фермер қуа­нышын жасырмай.

Қазақстанда және көрші ел­дердегі дәнді дақылдардың өнімділігіне “Азық-түлік келісім­шарт корпорациясы” экспорт­тық нарықтарда қазақстан­дық би­дай мен арпа ба­ға­сы­ның тұ­рақ­тануына және белгілі бір өсуі­не болжам жасап отырады. Бұл болжамдар бірқа­тар фак­тор­ларға негізделген. Атап айт­қан­да, Ресейде арпа­ның аз жи­на­луына байланысты дәстүрлі жет­кізушілердің (Иран, Ирак) ар­па­ға деген сұранысы­ның бір­тін­деп өсуі байқалады. Мысалы, Иран­ға темір жол арқылы қыр­күйек айында 140 мың тонна ас­тық жө­нелтіл­ді. Бүгінгі таңда ирандық компаниялардың ұсынған ба­ға­сы әлемдік баға­дан едәуір тө­мен (165 АҚШ дол­лары, әлем­дік на­рықтардағы баға – 195 дол­лар). Ресейде ар­паның азаюын және басқа жет­кізу­шілердің жоқ­ты­­ғын ескер­сек, бағаның өсері кү­мәнсіз. Осы­­­­ған байланысты ма­мандар мен сарапшылар тұ­рақ­ты на­рық­­тық жағдайды сақ­тау үшін бар­лық қа­тысушылар­дың іс-әрекеттері келісіліп, баға ба­лан­сына қол жеткізуге бағытта­­луы қажет де­ген пікірді алға тар­тады. Орта­лық Азия елде­рі­не ас­тық жеткі­зу көлемінің тұ­рақ­ты өсуі биыл­ғы жылдың 9 айында өткен жыл­дың деңгейін сақтай отырып, 2,9 млн. тонна ас­тық жі­берілді.

Қазіргі уақытта Орта Азия және Каспий өңірінің (Түркі­мен­стан, Әзірбайжан) елдері қа­зақ­стандық бидайды сатып ал­мақ ниетте. Мәселен, Түркімен­стан 400 мың тоннаға жуық 3 не­ме­се 4 сұрыпты бидайды сатып алуға дайын, ал Әзірбайжан жыл сайын Ресей мен Қазақ­станнан 1 млн. тоннаға дейін би­дай импорттайды.

Шетелдің қазақ­стандық ас­тыққа деген қызығу­шылығын ес­кере отырып, “Азық-түлік келі­сім­шарт корпорациясы” өз кезе­гінде фермерлерге келісім­шарт­тар жасасуға және шетел­дік жеткізушілермен байланыс орнатуға жан-жақты қолдау көр­сетуге әзір. Экспортқа және жаңа нарықтарды іздеуге арналған логистикалық шығын­дарды азайту тетігі белсенді қол­данылмақ. Мұның өзі қазақстан­дық өнім үшін әділ баға бел­гілеуге мүмкіндік береді.

Дайындаған

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp