«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарттарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында Шал ақын ауданында салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік кешке ауданның дамуына атсалысқан аға буын өкілдері жиналды.

Концерттің шымылдығын аудандық Мәдениет үйінің “Аяла” би тобы ашты. Аудан әкімі Қайрат Омаров алдыңғы толқын өкілдеріне ризашылығын білдіріп, мықты денсаудық, ұзақ та мағыналы ғұмыр тіледі.

Көп жылғы адал еңбегі, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ақын-сатирик Қойшыбай Шәниев пен денсаулық сақтау саласының ардагері Роза Әбуғалиеваға “Шал ақын ауданының құрметті азаматы” атағы берілді. Ал көненің көзіне айналған Жабай Ағажанов, Ботагөз Құсайынова, Регина Әлімжановаларға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Шал ақын аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Жангужинов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрар Оразалин айтулы мереке ұрпақ сабақтастығын жаңғыртуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

– Құрмет көрсеткен жерлестеріме ризашылығымды білдіремін. Халқымыз жасы үлкенді ардақ тұтып, ақ батасын алып қалуға тырысқан. Осы ізгі қасиет жастардың да бойына берік ұяласа деген тілегім бар, – деді Қойшыбай Шәниев.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp