Мемлекеттік қызметшінің этикасы дегеніміз – белгілі бір қоғамға тиесілі саналы, нақтыланған және жалпыадамзаттық мораль болып табылатын мінез-құлық нормаларының жүйесі, іс-әрекеттер мен ережелердің тәртібі, мемлекеттік қызметтік қатынастар мен ұстанымдар.
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын белгілейді. Оның басты мақсаты қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Азаматтармен өзара қарым-қатынас – тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі. Мемлекеттік қызметшілер адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сай болуы, кәсіби қызмет көрсетуі шарт. Өйткені, мемлекеттік қызметкердің әр қадамы қоғамның көз алдында. Сондықтан мемлекеттік қызметшілер өздерінің кішіпейіл мінез-құлқымен, жауапкершілігімен, кәсібилігімен қоғамның мемлекеттік қызметке, тұтастай мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтап, нығайтуы қажет.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметте іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелері маңызды рөл атқарады. Оларды қатаң сақтау мемлекеттік қызметкерлердің іске деген байыпты көзқарасын, жоғары кәсібилігін көрсетеді.
Ринат МУСИН,
облыстық қазынашылық департаменті басшысының орынбасары – әдеп уәкілі.