«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАРЛЫҚ АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында аула­ларды абаттандыру ісі кешенді түрде жүргізіліп, бүгінге дейін 30 аулада жөндеу жіргізілді. Жобалау кезінде бірінші кезекте бала­лар мен ересектердің мүдде­лері ескеріліп, көпбейінді ойын алаңдары мен демалыс орындарына басым­дық берілген.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұ­хамбетов Хименко көшесіндегі ауланы аралап, атқарылып жат­қан шаралармен танысты. Ау­лаға асфальт төселген, авто­тұрақ пен жарық шамдары ор­натылған, футбол, баскет­бол, балалардың ойын алаңқайла­ры бар. Бұған дейін бұл жұмыс­тар жеке-жеке атқарылып кел­се, бұдан былай абаттандыру толық жүргі­зі­леді.

Сондай-ақ “Бірлік” шағынау­да­нында үш балаларға арнал­ған ойын және спорт алаңы, Жұ­мыс­шы кен­тін­де бір кешен жұ­мыс істейді. Жалпы бас шаhар­да 596 аула­ның 254-і әлі де жа­ңартуды қа­жет етеді.

“Нақты тапсырмалар жүк­тел­ді, қаражат жеткілікті. 5 жыл­дың ішінде барлық аулаларды қалпына келтіріп, тұрғындарға жайлы жағдай жасау міндеті тұр”, – деді Ғауез Торсанұлы.

Ермек ЖҰМА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp