«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында “Заңсыз келуші” респуб­ликалық жедел-алдын алу іс-шарасының екін­ші кезеңі өткізілді. Рейд аясында Қазақстан­ның көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік анық­талды. Олардың қатарында коммерция­лық ны­сан құрылысында заңсыз жұмыс істе­ген Өзбек­станның екі азаматы және елімізде рұқсат құ­жаттарынсыз жеміс сатқан әзірбай­жандық жігіт бар.

Тәжікстаннан келген жеті әйел Петропавл­дағы қатты тұрмыстық қалдықтар полиго­нын­да заңсыз жұмыс істеген. Олардың барлығы Қа­зақстанға кірген кезде келу мақсатының жұмыс істеу екендігін көрсетпеген. Бұл фактіні қала­лық полиция басқармасының көші-қон қыз­меті бөлімінің мамандары анықтады. Об­лыстағы 12 жұмыс беруші шетелдік жұмыс кү­шін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкер­шілікке тар­тылды.

Әсет ҚАНАФИН.