Soltüstık Казахстан
Облыс аумағында “Заңсыз келуші” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізілді. Рейд аясында Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған 9 шетелдік анықталды. Олардың қатарында коммерциялық нысан құрылысында заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның екі азаматы және елімізде рұқсат құжаттарынсыз жеміс сатқан әзірбайжандық жігіт бар.
Тәжікстаннан келген жеті әйел Петропавлдағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында заңсыз жұмыс істеген. Олардың барлығы Қазақстанға кірген кезде келу мақсатының жұмыс істеу екендігін көрсетпеген. Бұл фактіні қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің мамандары анықтады. Облыстағы 12 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әсет ҚАНАФИН.