«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САҒЫНЫШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Белгілі жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің “Сағыныш” атты жаңа бағдарламасы “QYZYLJAR” облыстық телеарнасы арқылы көрерменге жол тартты.

Аты айтып тұрғандай бағдар­лама қонақтары өткен өмірге көз жү­гіртіп, сәулелі сәттерді сағы­ныш­пен еске алады, адам бойын­да­ғы ең асыл сезім жай­лы толға­нады. Бағдарлама қо­нақ­та­рының са­ғынышқа айнал­ған жар­­қын ке­зеңдері сыр болып ақ­та­ры­лып, кө­ңілді жылы шуаққа бө­лей­тін есте­ліктерден көпшілік та­ғы­лым алса ғанибет емес пе? Алғаш­­қы бағдар­ламаның қонағы ре­­тінде өңірімізге белгілі ардагер ұс­­таз Қа­рақат Ша­лабаев шақы­рылды.

– Адам баласына сағыныш пен мұң тән қасиет. Сағыныштың ең үлкені – кіндігімізбен байлан­ған туған жерге, балалық шаққа де­ген іңкәрлік дер едім. Мен Жам­был ауданына қарасты Аман­гелді ауылында туып-өстім. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің филология фа­куль­тетінде білім алдым. Жоғары оқу орнында бізге дәріс берген жерлесіміз, филология ғы­лымда­рының докторы, профес­сор Те­мір­ғали Нұртазин сынды ұс­таз­да­рымды бүгінде сағыныш­пен еске аламын, – деді ар­дагер ұс­таз Қа­рақат Шалабаев.

Бағдарлама қонақтарының өс­келең ұрпаққа өсиет ретінде ай­тар отансүйгіштік, ар-намыс, салт-сана, ұлттық құндылықтар жайлы тебіреніске толы толға­ныстары бұл жобаның маңызын одан сайын арттыра түспек.

Ермек ЖҰМА,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp