«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заманауи жабдық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көпбейінді облыстық аурухана­ның онкологиялық орталығына “Қа­зақстан халқына” қоғамдық қоры­ның қайырымдылық бағдарламасы аясында “Halcyon” сәулелік терапия жүйесі мен “SOMATOM go SIM” ком­пьютерлік томографы орнатылды.

Аурухананың бас директоры Сә­кен Әмрин қатерлі ауруға шалдық­қан науқастарға медициналық кө­мек көрсету үшін орнатылған қа­жетті қымбат жабдықтың мүмкіндігі зор екенін айтты. “Бұл заманауи жаб­дық көздің, есту мүшесінің, па­раназальды синустың, көмейдің, ауыз қуысының, мұрынның, тыныс алу мүшелерінің обырын ерте ке­зеңде анықтау үшін қолданылады. Медиастинаның және жүректің, те­рі­нің, тері астындағы тіндердің, сүт безінің, зәр шығару жүйесінің қатер­лі ісіктеріне шалдыққан науқастар сәулелік те­рапия ала алады”, – деді дәрігер.

Бұл “Қазақстан халқына” қоры­ның қаржысына өңірімізге сатып алынған ал­ғашқы қондырғы емес. Бұған дейін облыстық балалар ау­руха­на­сы да қор қаражаты есебінен за­ма­науи жабдықпен қамтамасыз етілген болатын.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp