«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Креативті жастар орталығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Республика күні қарсаңында Петропавл қаласында креативті индустрия орталығы ашылды. Айтулы шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, “Samruk-Kazyna Trust” корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, “Қазақтелеком” акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Бағдад Мусин, аудан әкімдері және өңірдің креативті жастары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сәйкес, еліміздің әр өңірінде креативті жастардың шы­ғармашылығын дамыту мақса­тын­да мамандандырылған орта­лықтар ашылып жатқанын атап өту қажет. “Qyzyljar creative cen­ter” Жамбыл көшесінің бойында­ғы бұ­рынғы С.Мұқанов атындағы об­лыс­тық қазақ сазды-драма теат­рының ғимаратында орна­ласқан. 

– Мемлекет басшысының ха­лыққа арнаған Жолдауында шы­ғармашыл жастарды қолдауға ерекше екпін түсірілген болатын. Осы бағытта мамандармен бірле­се жұмыс істеп, жастардың идея­сын жүзеге асыратын орталық ашу­ды ұйғардық. Осындай орта­лықтар аудандарда ашылса ар­тық емес, – дей келе облыс әкімі Ғауез Торсанұлы креативті ин­дус­трия орталығын ашуға “Samruk – Kazyna Trust” әлеуметтік жоба­лар­ды дамыту қоры қаржылай қолдау білдіргенін айтты.  Өңірдің шығармашыл жастарының басын біріктіретін кешенде цифрлық және ақпараттық технологиялар, медиа және диджитал, сән индус­триясы, хореография және білім беру салалары жан-жақты қам­тылған. Мүмкіндігі шектеулі бала­лардың өнерін дамытуға да баса көңіл бөлінгені қуантады. 

Орталықта кәсіпкерлер, жоға­ры оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп  оқушылары, оқытушылар және кәсіби дамуға мүдделі барлық қала және облыс тұрғындары шығармашылық мүм­кіндіктерін дамыта алады. Зама­науи кешенде барлық жағдай жа­салған. Кабинеттер жарық және дыбыс кешендері, компьютер­лер, сенсорлық LED дисплейлер мен плазмалық теледидарлар, 3D принтер, тігін машиналары­мен жабдықталған. Сондай-ақ, мұн­да электрондық кітапхана, кон­церттік зал да бар. 

– Қызылжар – қасиет қонған құт­ты мекен. Бұл – Мағжан Жұ­мабаев, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, белгілі ғалым Виктор Зай­берт сынды халқымыздың мақ­­таныштары дүниеге келген киелі өңір. Осындай дарындар дүниеге келген қасиетті өңірде жұмысын бастаған орталық талай талантты тәрбиелейтініне үміт зор, – деп қа­зақ ті­лінде тілектестік білдірген Мә­де­ниет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов барша қа­уымды еліміздің айтулы мерекесі – Республика күнімен құттықтады.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp