21 қазаннан 22 қазанға қараған түні Айыртау ауданының аумағындағы облыстық маңызы бар Саумалкөл-Новоишим автожолында 29 жастағы “Kia Rio” жүргізушісі тас жолға шауып шыққан жылқыны қағып кетті. Ал Бірлестік ауылының маңындағы жергілікті маңызы бар автожолда “Toyota Hilux” автокөлігінің жүргізушісі екі жылқыны соқты. Екі жағдайда да көліктерге зақым келгенімен, адамдар аман.
Бір апта бұрын Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында осындай жол апатынан екі сиыр өлген болатын. Жүргізуші аман, алайда көлікке қатты зақым келген.
– Полиция қызметкерлері мұндай фактілердің алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуде. Дегенмен жүргізушілер түнгі уақытта жолда абай болу керек, әсіресе, қиын учаскелерде, елді мекендерге жақын жерлерде “Мал айдау” белгілері орнатылған орындарда жылдамдықты төмендету қажет, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.