Волейболдан қыздар командалары арасында өткен ел кубогының финалында жергілікті “Қуаныш” талдықорғандық “Жетісумен” кездесті.
Бірінші минуттан бастап талдықорғандық бұрымдылар ойын тізгінін өз қолдарына алды. Жерлестеріміз қарсыластарын ұпай саны бойынша алысқа ұзатпағанымен, кездесудің алғашқы кезеңі “Жетісу” клубының пайдасына шешілді.
Екінші сетте “Қуаныштың” қыздары есе қайтаруға тырысқанымен, бұдан еш нәтиже шықпады. Бұл жолы да талдықорғандықтар басым түсті. Соңғы кезеңді жеңіспен қорытындылаған қонақтар ел кубогының жеңімпазы атанды. Ал солтүстікқазақстандықтар күміс жүлдені місе тұтты.
Ермек ЖҰМА,
“Soltüstık Qazaqstan”.