«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әдебиет алыбы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына арналған “Адамзат тағдырының жыршысы” атты әдеби кеш өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер, студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты.

Әдеби кеш барысында Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы қа­зақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Гүлнәз Зейнолова “Әб­діжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы” тақырыбын­да баяндама жасады. Одан кейін сөз алған С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның қазақ тілі мен әде­биеті пәндерінің мұғалімі Әсем Жақыпова “Қан мен тер” рома­нында көтерілген өзекті мәселе­лерге тоқталып, оларды қазіргі қоғамдағы оқиғалармен байланыс­тыра баяндады. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледждің оқытушысы Бота Бал­ғарина қаламгердің “Соңғы парыз” кіта­бы туралы келелі ой өрбітті.

Кеште ардагер ұстаз Қарақат Шалабаев, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Ті­лек Әбдірахманов, кітапхана оқыр­маны Бейсен Құлшықов та заңғар жазушы туралы ой-пайымдауларын білдірді. Сә­бит Мұ­қа­нов атындағы облыс­тық қа­зақ сазды-драма театрының ак­тері Дүйсехан Қасым Ә.Нұрпейі­совтің “Қан мен тер” романынан үзінді оқыды. Бұл жиын жас оқырмандарға қаламгердің шы­ғар­машылық әле­міне терең үңі­луге мүмкіндік бе­ріп, оның шы­ғармаларымен та­нысуға ықпал етті. Шара со­ңын­да қатысушы­лар “Қарымды қаламгер” атты кітап көрмесін тамашалады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp