«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өндіріс орындарын аралады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірге жұмыс сапармен келген Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров және облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен шағын және орта  бизнес өкілдерімен кеңес өткізілді. Онда мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен шешімін табуы тиіс түйткілді мәселелер талқыланды.

Бұдан кейін вице-министр “CLASS” және “HORSCH” ауыл шаруашылығы техника­ларын құрастыратын “СТ Assembly” кәсіпорнында бо­лып, озық жабдықтар ор­на­тылған цехтарды аралады.

Бүгінде “Qyzyljar” арнайы эко­номикалық аймағында бір­не­ше қуатты өндіріс орны шоғыр­лан­ған. Мұнда “Байкертон” ЖШС кон­дитерлік өнімдерді ұзақ уа­қыт сақтайтын зауыт­тың құры­лы­сын бастаған. Бұдан бөлек, осында жуырда іске қо­сылған ағаш өңдейтін фаб­рика орна­лас­қан. Түрік инвес­торла­ры­ның қаражатына тұр­ғызыл­ған за­манауи өндіріс ор­ны жы­лына 50 мың текше метр лами­нат­тал­ған фанер шыға­руға бағ­дар­ланған.

“ЗИКСТО” АҚ-ның дирек­торы Владимир Сафонов ас­таналық мейманды озық жо­балардың жүзеге асырылу жа­йымен таныстырды. Солар­дың бірі –  жолаушылар ва­гондарын шығару. “Каз­ТехМаш” машина құрастыру кәсіпорнының өнім­дері де үл­кен сұранысқа ие.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Петропавл электр­техникалық зауытына аял­дап, сыртқы нарыққа жө­нелті­летін өнімдердің сапа­сын тексерді.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.                

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp