«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ ӨРКЕНДЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Татулығы жарасқан елдің бо­лашағы жарқын. Түрлі этнос өкілі өмір сүріп жатқан Қазақстанда бір­лікті сақтау – аса маңызды. Осы мақсатта ел іргесін нығайтуда эт­носаралық келісімге баса назар аударылады. 43 жыл­дан бері мә­дениет саласында ең­бек етіп жүр­гендіктен, қазақ же­рінде өмір сү­ріп жатқан ұлт пен ұлыстарды бір-бірімен табыстыруда ауқымды жұ­мыс­тар, кешенді жоспарлар жүзе­ге асырылып жатқанын нық сенім­мен айта аламын.

Біздің елде ұлыстардың ұлт ре­тінде дамуына, ана тілінде сөй­леуіне, өздерінің тарихы мен мә­дениетін зерттеуге, ғибадат үйле­ріне баруына бар­лық мүмкіндік жа­салған. Бұл – тағ­дыр табыстыр­ған, қиын кезеңдер­де, қуанышты сәт­терде жұдырық болып жұмыла білген халықтар­дың бір-біріне де­ген сыйластығы. Ортақ мерекеле­рімізде әртүрлі тіл­де ән шырқай­мыз, ұлттық өне­рімізді көпшілікке таныстырамыз. Біздің көңілімізге украиндық “го­пак” биі, қазақтың күйі, орыс частушкасы, та­тар әуендері және грузиндердің “лезгинкасы” бірдей жағады.

Бүгінде Мамлют ауданының аумағында отыздан астам ұлт пен ұлыс тұрады. Олардың көпшілігі этномәдени бірлестіктерге мүше. Мысалы, “Лад” славян эт­номәде­ни орталығының жұмыс істеп тұр­ғанына отыз жылдан асты. Бір­лестік өкілдері этнос­ара­лық және мәдениетаралық келі­сімді нығай­та отырып, ғасырлар бойы атадан балаға жеткен дәс­түрлерді, тіл мен мәдениетті сақ­тауға, дамы­туға үлес қосып жа­тыр. Аудан кө­лемінде қалып­тас­қан дәстүрге сәйкес түрлі халық­тық, мемле­кеттік мерекелер ата­лып өтіледі, оған этномәдени ор­талықтар бел­сенді қатысады. Өз­дерінің ұлттық өнерін көрсетіп, ана тілдерінде жүрекжарды ле­біздерін жеткізеді. Республика күні – бір шаңырақ ас­тында тату-тәтті ғұмыр кешіп жат­қан ұлыстардың достығын паш ететін мереке. Сондықтан оған жан-жақты дайындаламыз. Осы жерде өмір сүріп жатқан ұлыс­тар ұлттық мәдениетінен нәр алуға қолайлы жағдай жасаған Қа­зақстанда тұрақтылықты сақтау аса маңызды екенін біледі.

Жылдар бойы нығайған бірлік­тің арқасында бір-біріміздің салт-дәстүрімізді, болмысымызды, тұр­мыс-тіршілігімізді танып, үйрен­дік. Осы ретте “Самауырын қай­най­ды – қонақтарды жинайды” де­ген атаумен кеш ұйымдастырып, қазақ мәдениеті орталығының өкілдерімен емен-жарқын әңгіме өрбіттік. Осындай бірлік, келісім және татулық – біздің игілігіміз.

Этномәдени бірлестік жұмы­сының негізгі бағыты – ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту, зер­делеу, тарату. Орталық өкілдері өз халқының ерекшелігін, сұлулы­ғын, мәдениетін таныстыру мақ­сатында кештер, конкурстар, фестивальдар өткізеді, мемле­кеттік мерекелерді атап өтеді. Ау­данда тұратын ұлыстардың ұлттық мәдениетін дамытуға арнал­ған “Халық тұрмысының поэзиясы”, “Сақтай отыра жаңғырта­мыз”, “Сізбен мақтанамын, менің Қа­зақстаным!” сынды көрмелер, халық шығармашылығы жәрмең­келері, балалардың сурет бай­қауы ұйымдастырылады. Осы­лайша этнобірлестік мүшелері ха­лық шығармашылығын дамытуға өз үлестерін қосып, өткенге лайық­ты құрмет көрсетеді.

“Лад” орталығының өкілдері өткі­зетін барлық іс-шаралар осы өл­кенің тарихына, оның дәстүр­лері­не деген сүйіспеншілікпен ұйым­дастырылады. Біз халық шығар­машылығын зерттеп, салт-дәстүрлерді, ежелгі ойындарды, ырым-тыйымдарды еске түсіріп, ұмытылған әндерді шырқаймыз.

Мен Қазақстанда – бейбітші­лік, тұрақтылық пен келісім ор­наған елде туып-өскенімді мақ­тан тұтамын. Осы бағымызды баянды ету үшін ішкі саяси тұ­рақтылықты нығайтып, этносара­лық келісім мен тыныштықты қам­тамасыз ету – бәрімізге ортақ міндет.

Ирина ПОЯРКИНА,

“Лад” славян этномәдени бірлестігінің жетекшісі.

Мамлют ауданы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp