«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСАЙ БЕР, ЖАСА, ҚАЗАҚСТАНЫМ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елдегі әр азаматтың басын біріктіріп, бірлігімізге тұтқа бо­лып тұрған бір құндылық болса, ол – біздің қастерлі егемендігі­міз. Қазақ үшін қанша азаппен келген азаттықтың қадірі қым­бат. Еліміз көзінен жасы сорғалаған кешегі кер заманның еле­сін әлі ұмыта қойған жоқ. Ұлты­мыздың сан ғасырлық тілегі қабыл болып, Қазақстан өз ал­дына дербес елге айналды. Осылайша қазақ тарихы жаңа парақтан жазылып, жаңа кезең басталды.

Арыстарымыздың арманы орындалғанына куә болған, азат күннің жемісін жеген бүгінгі ұрпақтың маңдайына жазылған бағы бөлек. Осының бәрін ба­йыптап, ой елегінен өткізіп, өт­кен мен бүгінімізді таразыға са­латын мезет – Республика күні. Ұлттық мейрам қарсаңында Қы­зылжарда салтанатты жиын өтіп, егемендікті баянды ету жо­лында тер төккендер құрметке бөленді.

Салтанатты шара басында көк байрағымыз төрге шығары­лып, жиналғандар Мемлекеттік Туға құрмет көрсетті. Сосын Ән­ұранымыз шырқалды. Осынау айтулы күнмен өңір халқын об­лыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбе­тов құттықтады.

– Құрметті солтүстікқазақ­стандықтар, сіздерді еліміздің бас­ты мерекесі – республика күнімен шын жүректен құттық­тай­мын! Бұл мейрам – тәуел­сіздіктің бастауы болған маңыз­ды күн. Жерлес ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай,  біз ата-ба­бамыз аңсап, армандап кет­кен азаттықтың алтын айына қол создық.

Республика күнінің қайта оралуы тарихи шешім болды.  Үш онжылдықта береке мен ын­тымақтың арқасында Қазақстан биік белестерді бағындырды. Еліміздің осы жетістіктерін ба­ғалап, одан әрі дамыту – біздің па­рызымыз. Солтүстікқазақ­стан­­дық­тар елдің дамуы үшін аян­­бай еңбек етуде. Қазақ­стан­ның да­муы жолындағы еңбек­теріңіз та­бысты, бастамалары­ңыз сәт­ті бол­сын, – деді өңір басшысы.

Құттықтаудан кейін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наг­радалар табысталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов ІІІ дәре­желі Барыс орденімен марапат­талды. “Парасат” ордені қалам­гер, “Память” қоғамдық қоры­ның төрағасы Болат Сағын­ды­қовтың кеудесіне тағылды. Бұл күні осындай орденді  Прези­ден­тіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада облысымыздың құр­метті азаматы, жазушы-жур­налист Жарасбай Сүлейменовке табыстағанын айта кету ләзім.

Тимирязев ауданында фи­зи­ка және математика пәнде­рінің мұғалімі болып еңбек ете­тін Жанбота Белгібаева, көпбе­йінді облыстық аурухананың анестезиология және жансақ­тау бөлімшесінің меңгерушісі Сер­гей Ишин, облыстық музей бірлестігінің директоры Гүлнар Мұқышева, “Жарық-2005” се­рік­тестігінің директоры Мұрат Нұ­ғыманов “Құрмет” орденін ие­лен­ді. ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы ордені “Қызылту” темір жол стансасының вагондарды тек­се­руші-жөндеушісі Кеңес Егін­баевқа, “Тайынша астық” серік­тестігінің малшысы Бейімбет Ер­ғалиевке табысталды. Ел да­муы­на үлес қосқан өзге де аза­маттарға “Ерлігі үшін”, “Ерен ең­бегі үшін”, “Шапағат” мадальда­ры табысталды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

 Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp