«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өміріміздің жаңа парағы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мен алты жыл бұрын отба­сыммен Жамбыл ауданындағы Рождественка ауылынан Петро­павл қаласына көшіп келдім. Қа­ланың Ойқала шағынауданында орналасқан ескі үйде тұрдық. Бұл үйдің жалпы ауданы небәрі 40 шаршы метр болатын, бірақ соған риза едік. Алайда көктемгі су тасқыны өмірімізді түбегейлі өзгертті, ең үлкен сынақты бас­тан өткердік. Тасқын су аядай үйі­мізді басып, көз алдымызда ірге­тасы құлап, шаңырағы ортасына түсті.

Осы қиын кезеңде мемлекет пен жергілікті билік бізге үлкен қолдау көрсете білді. Су тасқы­нынан зардап шеккен отбасы ретінде “Бірлік” деп аталатын жаңа шағынауданнан баспана берілді. Бұл үй бұрынғы баспа­на­мыздан екі есе үлкен. Әр от­басы мүшесіне жайлы өмір сүру үшін бар­лық жағдай жасалған. Ауылда өс­кендіктен, жермен жұ­мыс істеуге дағдыланғанбыз. Сол себепті бақшамыздың бола­тынына, кө­көніс өсіруге мүмкін­дік туғанына қуандық.

Үй сапалы салынған. Ар­найы комиссия құрылыс бары­сын үне­мі қадағалап отырды, сондықтан ешқандай алаңдау­шылық бол­ған жоқ. Биліктің мұн­дай жауап­ты көзқарасы бола­шаққа деген сенімді арттырды. Жаңа үйімізде қоныстой жа­сап, өміріміздің жаңа кезеңін бас­тан өткеріп жа­тырмыз. Бұл – біз­дің отбасымыз үшін аса ма­ңыз­ды сәт.

“Бірлік” шағынауданы қала­ның шетінде, орталықтан алыс­тау орналасқан. Дегенмен бұл біз сияқты қаланың у-шуынан алыс, тыныш әрі жайлы өмірді қалай­тын жандардың көңілінен шық­ты. Әрі қоғамдық көлік мәселесі де тез шешілді.

Мемлекет тарапынан көрсе­тіл­ген қолдау бізге үлкен күш бер­ді. Жаңа баспана, жаңа мүмкін­діктер, жаңа өмір – бұл тәуелсіз еліміздің әрбір азаматына жаса­ған қамқорлығының нақты көріні­сі. Біздің отбасымыз қарғын су­дың салдарынан баспанасынан айырылса да, мемлекетіміздің қол­дауын сезініп, қамқорлығына бөленді. Осындай сәттерде ел­дің бірлігі мен мемлекетке деген сенімнің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.

Республика күні – еліміздегі бар­ша халықтың бірлігі мен ын­тымақтастығының белгісі. Елі­міз үшін маңызды мерекені жаңа үйімізде қарсы алғанымыз елді­гі­міздің нышаны емес пе?! Бұл мереке бізге тек тәуелсіз­діктің ғана емес, сонымен бірге мем­ле­­кет үшін оның әрбір аза­маты ма­­ңызды екенін еске са­лады. Елі­міздегі қиындықтар мен сынақ­тарды үнемі бір­ге ең­серсек, мемлекеттің іргесі нығаяды.

Шәйкен МЫРЗАХМЕТОВ,

“Бірлік” шағынауданының тұрғыны.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp