«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтармен күреске дін қызметкерлері көмектеспек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департа­мен­тінің бастығы Айдын Қабдұл­диновтың тапсырмасы бойынша ау­мақтық полиция бөліністерінің бас­шылығы дін өкілдеріне интер­нет-алаяқтықтың алдын алуда кө­мек көрсету туралы өтінішпен жү­гінді.

Алаяқтар өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, “Қаз­пошта”, “СевКазЭнерго” және басқа ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон арқылы SMS-хабарламалардағы код­тарды немесе банк картасының деректерін айтуды талап етеді. Сон­дай-ақ желілік алаяқтар “Any­Desk”, “TeamViewer”, “HopToDesk”, “AirDroidControl” және басқа да әртүрлі қосымшаларды телефон­ға орнатуға мәжбүрлейді. Алаяқ­тар аталған қосымшалар арқылы телефонды бұғаттап, ішіндегі дер­бес ақпаратты иемденеді. Соны­мен бірге, “egov.mobile” мобильді қосымшасында “Банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тарту” қызметін қо­суға болатынын білген абзал.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp