Албанияның Тирана қаласында еркін күрестен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Ризабек Айтмұқан жеңіске жетті.
Әлем біріншілігінде Уәлиханов ауданының тумасы 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Теріскейлік балуан ақтық сында ирандық Махди Морафамен белдесіп, 11:6 есебімен қарсыласынан басым түсті. Солтүстікқазақстандық балуанды әлеуметтік желіде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, жылы лебізін жеткізді.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ризабек Айтмұқан ересектер арасында және 20 жасқа дейінгі балуандар ішінен әлем чемпионы атанған болатын. Бұл – оның дүниежүзілік бәсекедегі үшінші жеңісі.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.