«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙ КЕШІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Республика күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қала орталығындағы “Достық-Молл” сауда үйінде флешмоб өткізіп, күй тартты. Мереке қарсаңында мұндай шара ұйымдастыру білім ордасы үшін дәстүрге айналған.

Мектебімізде балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге, оларды өнер мен шы­ғармашылыққа баулуға ерекше көңіл бөлінген. Соның арқасын­да ұлттық аспабымыз – домбы­ра сабақ кестесіне енгізілген. Осылайша оқушылар терең бі­лім алумен қатар шығар­машы­лық қабілеттерін де шың­дап келеді. Аталған жұмыс­тар­дың нәтижесі ретінде қала ор­та­лы­ғында флешмоб өтіп, өнерлі өрен­дер барын ортаға салды. 100-ге жуық жас ұлт­тық өнеріміздің құдіретін танытты. Бұл күні барлығы 20 туынды орындалды. Сонымен қатар ме­рекелік шарада жетігенде ой­наушылар да өнер көрсетіп, ән шырқалып, би биленді.

– Бүгінгі шараның басты мақ­саты – ұлттық аспабымыз дом­быраны насихаттау, халыққа жақынырақ таныту. Мектепте домбыра үйірмесі жұмыс істей­ді. Барлық оқушылар үйірмеге қатысып, қасиетті аспапқа қол үйретеді. Олардың көрсетіп жүр­ген нәтижелері де жаман емес. Әсем күйді барынша көп адам тыңдау үшін концерт алаңы ретінде осы жерді таңдадық, – деді мектеп директоры Данияр Уәлиев.

Кешегі Құрманғазы, Тәттім­бет, Дәулеткерейлерден жет­кен қара домбыраның қасиетін ұққан талапты өрендердің өне­ріне жиылған жұртшы­лық қол соғып, риза болды. Кеу­десін мақтаныш сезімі кернеген жас өнерпаздар да аянып қалған жоқ.

Гүлмира ШОҚТАБАЕВА,

Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp