Жаңа вагондар жолға шығады
Елімізде жолаушылар вагондарын кезең-кезеңмен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жергілікті “ЗИКСТО” зауытында жасалған жолаушылар вагондары “Алматы-Қостанай” бағытындағы №43/44 пойызына тіркелмек. Көлік министрлігінің мәліметінше, “Түрксіб Астана” ЖШС жеке тасымалдаушысының паркі 2024 жылы шығарылған купе және плацкарт үлгісіндегі 10 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Сонымен қатар оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы штабтық вагон бар. Барлық вагондар биодәретхана және …