«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа вагондар жолға шығады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде жолаушылар вагондарын кезең-кезеңмен жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жергілікті “ЗИКСТО” зауытында жасалған жолаушылар вагондары “Алматы-Қостанай” бағытындағы №43/44 пойызына тіркелмек.

Көлік министрлігінің мәліметін­ше, “Түрксіб Астана” ЖШС жеке тасымалдаушысының паркі 2024 жылы шығарылған купе және плац­карт үлгісіндегі 10 жаңа жолаушы­лар вагонымен толықты. Сонымен қатар оның ішінде мүмкіндігі шек­теулі жан­дарға арналған арнайы штабтық вагон бар. Барлық вагон­дар био­дә­ретхана және ауа бап­тағыш жүйесі­мен жабдықталған”, – делінген ми­нистрлік хабарлама­сында.

Жаңа вагондар қараша айынан бастап “Алматы-Қостанай” бағыты бойынша жолға шықпақ. Көптен бері жаңартылмаған бұл пойыз ба­ғытының вагондары әбден ескіріп, жолаушылар жиі шағымданатын.

Осылайша вагон паркі биыл 122 бірлікке жаңартылды. Жыл соңына дейін тағы да 18 вагон пайдалануға берілмек.

Жайна НҰРМАҒАНБЕТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp