«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СӨРЕ ТОЛЫ АРЗАН АЗЫҚ-ТҮЛІК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жылдағы дәстүрге сай Қызылжардағы жиын-терім науқанының соңы ауқымды жәрмеңкеге ұласты. Облыс орталығында барлық аудандар мен ірі тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар жәрмеңке арқылы шаруалар өз өнімін делдалсыз саудаласа, арзан азық-түлік тұтынушылардың қалтасына артық салмақ түсірмейтінін айтады. Мағжан Жұ­мабаев көшесінің бойында азық-түлік са­тылса, Жұмысшы кентінде мал азығы ұсы­нылды. Қаладағы сауда барысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те танысты.

– Республика күні – еліміз үшін маңыз­ды мерекелердің бірі. Егемендік деклара­циясы қабылданған сәт­тен азат елдің ірге­тасы қалана бастады. Бү­гінде ел экономи­касында ауыл шаруа­шы­лығының үлесі жо­ғары. Азық-түлік қа­уіпсіздігін қамтама­сыз ету, жаңа технологияларды ен­гізу, жұмыс орындарын ашудың арқасында халықтың әл-ауқаты артады.

Бүгінгі жәрмеңкеде ауыл шаруа­шылы­ғы өнімдері, мал азығы, өңдеу өнер­кәсі­бінің өнімдері мен балық, балдың бірнеше түрі ұсынылып отыр, – деді облыстық ауыл ша­руашылығы және жер қатынастары бас­қармасының басшысы Дәурен Тоқужинов.

Жәрмеңкедегі өнімдердің құны нарықта­ғыдан 15-20 пайызға төмен. Кәсіпкерлер 1200 тоннадан асатын өнім әкелген. Оның ішінде 52 тонна ет пен шұжық, 12 тонна сүт өнімі, 45 тонна ұн мен жарма, 194 тонна кар­топ пен көкөніс және 110 мың дана жұ­мыртқа сатушылардың сөрелерін толтыр­ды. Бұл күні жылқы етінің келісі 2700 теңге­ден, қара малдікі орта есеппен – 2100, қой еті 2000 теңгеден сатылды. Макарон – 280, қарақұмық – 220, 10 жұмыртқа – 480, сүттің литрі 250 теңгені құрады. Келушілер картоп, сәбіз, пияз, қырыққабаттың әр келісін 100 теңгеден алып жатты. Мал азығына да ай­тарлықтай жеңілдік жасалды. Сабанның ора­масын 3000, шөпті – 5000, бидайдың тон­насын – 30 мың, арпаны 25 мың теңгеден алып жатқандар болды.

Сауда алаңындағы сүт өнімдерін “Зен­ченко және К”, “Масло-Дел”, “Экомол Сер­геевка”, “Лера Норд”, “Ростан”, етті “Қаз-Мя­соПродукт”, “ЕМС агро”, “Загот Интер”, “Жаңа Кус”, “Северный Бройлер” серіктес­тік­тері әкелсе, ұн мен макарон “Сұлтан ЭММК”, “Хикмет ЛТД”, “Богатырский про­дукт”, “Егін” серіктестіктерінің өнімдері.  Со­ны­мен қатар “Агрос” шаруа қожалығы, “Зен­ченко және К” коммандиттік серіктестігі, “Зо­лоторев” жеке кәсіпкерлігі, “Астық-STEM”, “ES Global Agro” серіктестіктері әкел­ген кар­топ пен көкөніске сұраныс жо­ғары болды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суреттерді түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp