Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жайлы мектептердің құрылыс барысымен танысты.
Жеткіншектердің талапқа сай білім алуына бірден-бір қолайлы жағдай жасаудың басты шарты – “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын сапалы түрде жүзеге асыру. Облыс орталығының “Орман” және “Береке” шағынаудандарында әрқайсысы 600 орындық екі білім ошағының құрылысы жүгізілуде.
Осы нысандарда болған Ғауез Торсанұлы жайлы мектептер сапалы білімнің кепілі екенін атап өтті.
“Заманауи жайлы мектептердің ашылуы оқушылар үшін жаңа білім беру ортасын қалыптастырады”, – деген өңір басшысы “Берекедегі” құрылыс алаңындағы жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды. “Ормандағы” білім ошағының құрылысы аяқталуға жақын.
Бұдан бөлек, “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында “Жас өркен” және “Копай” шағынаудандарында 1,5 мың орындық тағы екі мектептің құрылысы жобаланған.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
“Soltüstık Qazaqstan”.