Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аппараттық кеңес өтіп, бірқатар сала маманы марапатталды.
Аппараттық кеңесте алдымен санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жайы сөз болып, Айыртау және Тайынша аудандарындағы мектептердің асханаларын жоспардан тыс тексеру нәтижелері талқыланды. Департамент басшысы Әсет Жұматаев денсаулық сақтау саласындағы көпжылғы және жемісті еңбегі үшін Ақжар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Мараш Ғиззатованы “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісімен марапаттады. Сонымен қатар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан ерекше үлесі және адал еңбегі үшін бірқатар маман Құрмет грамотасына ие болды.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.