«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мүмкіндіктер мекені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Емдеу мекемелерінде дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты өңірге ақ халатты абзал жандарды тарту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Қызылжарға қоныс аударған мамандарды жергілікті жерде құшақ жая қарсы алуда. Бұл қатарда еліміздегі еңбек күшін реттеу мақсатында қолға алынған “Оңтүстіктен-Солтүстікке” қоныс аудару бағдарламасы бойынша Түркістан өңірінен көшіп келген Нұриддин Балтабаев та бар.

Нұриддин Балтабаев – Түркіс­тан қаласының тумасы. Қазір Айыртау аудандық аурухана­сында балалар дәрігері болып жұмыс істейді. Теріскейге қоныс аударғанына екі жылдан астам уақыт өтті. Оқуын аяқтаған соң бірден теріскейге келген. Тұрақ­ты жұмыспен қамтамасыз еті­ліп, баспанаға ие болған.

– Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықара­лық қазақ-түрік университетінде білім алдым. Одан кейін Шым­кент қаласында оқуымды жал­ғас­тырдым. Қызылжар өңіріне қоныс аударуыма досым себеп­кер болды. Менен бұрын келген ол бұл жақта жастарға мүмкін­діктер көп екенін айтты. Жұмыс­қа орналасып, мемлекеттен қаржылай қолдау алдым. Табиғаты көркем, ауасы таза өңір зайы­бы­ма да ұнады. Тасын түртсең, та­рихы сөйлейтін Айыртаудың сұ­лу көрінісі ерекше әсер етті, – де­ген Нұриддин Балтабаев жұмыс күші көп оңтүстік өңірде екі қолға бір күрек табу қиын болса, жанға жайлы теріскейде жағдай кері­сінше екенін айтады. Сондық­тан дәрігер жастарға мұндай мүм­кіндікті жіберіп алмауға ке­ңес береді.

Екі бала тәрбиелеп отырған дәрігер ұл-қызының жарқын бо­лашағын осы өңірмен байла­ныс­тыруды алдына мақсат етіп отыр. Балалары осында білім алып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосса деген ниетте. Нұриддин мемлекет тарапынан жастарға көрсетілген қолдауға дән риза екенін жеткізді. Сон­дықтан ол замандастарын теріс­кейге көшіп, адал еңбек етуге шақырады. Еліміздің дамуына  әр адам өз үлесін қосып, тәуел­сіз мемлекетіміздің жарқын бо­лашағы үшін тынымсыз еңбек етуі керек екенін айтқан ақ ха­лат­ты абзал жан қазақ бала­сы­на еліміздің әр шеті құтты мекен, жайлы қоныс деген пікірде. Бұл жаққа қоныс аударғанына еш өкінбейтін ол береке мен бірлік­тің алтын қазығы болған киелі өңірде еңбек етуді зор мақта­ныш көреді.

Жанислам ТАЛҒАТҰЛЫ,

қандастарды ақпараттық қолдау орталығының  үйлестірушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp