Сапасыз өнім сататындар жазаланды
Облыс орталығында тұтынушылар құқығын қорғау бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарының нәтижесі туралы брифинг өтті. Онда облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы мен “Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы” қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биянат 9 айдағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Қанат Жеңісбекұлының сөзінше, мекеме үш тоқсан ішінде 368 өтінішті қараған. Шағымдардың көбі электронды және бөлшек …